Филология. Реферат. Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерінің тәрбиелік рөлі
«Қазақ деген – жасанды мінезі жоқ, қарапайым халық, бірақ сол қарапайымдығының өзінде оның, көп жақсылығы жатыр», «өз елімізге қолдан келгенше кызмет ету – біздің әрқайсымыздың борышымыз». Ыбырай Алтынсарин.
Аса кернекті ағартушы Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының қоғамдық ой пікірі, мәдениеті мен әдебиеті тарихында жаңашыл-педагог, жаңа мектептердің ұйымдастырушысы, этнограф, фольклоршы, ақын прозашы, қазақ тарихының жанашыры ретінде кеңінен мәлім.
Алтынсарин облыстық мектептер инспекторы болып қызмет істегенде, ағартушылық жұмысын тыңнан ұйымдастыруына тура келді. Ағартушылық жұмысын іске асыруда талай қыйыншылықтарға кездесті. Ол жылдан аса уақыттың ішінде Қараторғай болысында (Торғай уезі), Карабұтақ болысында (Ырғыз уезі), Обаған және Жетіқара болыстарында (Қостанай уезі), Берте болысында небәрі бес болыстық мектептер ашып үлгерді. Осы кезде ол Қостанай және Ақтебе қалаларында орыс балаларына арнап екі мектеп ашты. Бұл мектептер ашылғанда Ыбырай Алтынсарин ішінде езі болып, бірінші үлгілі сабақты оқушыларға езі береді.
Ыбырай Алтынсарин уездік қалаларда 4 орталық орыс-қазақ училищелерін, бір қоленері училищесін, 5 болыстық мектептерді, орыс балаларына арнап 2 мектеп ашып, оларды тегіс жабдықтады. Ол ағартушылық қызметінде балаларды оқыту және тәрбиелеу, мұғалімдердің беделін кетеру, релін арттыру мәселелері үлкен орын алады. Ол мұғалімдер оқушыларын ез балаларындай керулері керек, сонда ғана оқу жұмысы ойдағыдай ілгері басады деген болатын.
Халық ағарту жұмысын ілгері дамытудағы мұғалімдердің релін Ыбырай Алтынсарин былайша бағалады: «Халық ағарту жұмысы бұл арада тек жаңа ғана басталып келеді, сондықтан, жаңа салынып жатқан үйдің жақсы болуы оның іргесінің берік және мықты қалануына байланысты болатыны сияқты, біздің қолға алып отырған ісімізде де, қазақ мектептерінің бар келешегі, кебінесе, істің казіргі басталуына байланысты; сондықтан да мен кәзір жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат керемін... Халық мектептері үшін ең керектісі – оқытушы [1, 28 б.],– деп жазды. Ыбырай Алтынсарин, – тамаша жақсы педагогика кұралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқыят түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды» [1, 28 б.] деген.
Ұлы ағартушы орыс-қазақ мектептеріне тек орыс тілін ғана оқыйтын, оқу, жазуды ғана үйрететін мектептер деп қарауға болмайтынын ескертіп, ол мектептерден оқушыларды, тазалыққа дағдыланатын, әрнәрсеге де дұрыс ақыл-оймен қарай білетін етіп шығару керектігін айтқан болатын. Бұл-бір.
Екіншіден, казақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшылық тұрмыстың артықшылығына, мысалы, құрғақ, жылы бөлмелерде тұруға үйретудің өзі қазақ даласында тәрбиелік мәні бар жұмыс деп қарады [1, 28 б.].
Үшіншіден, Ыбырай Алтынсариннің бала тәрбиесіне қатысты ұлы ағартушылық идеясы оның көркем шығармаларында да, ғылми мақалаларында көрініс тапты. Ол өзінің әңгімелері арқылы қазақ балаларының заманына лайықты озық азаматтық көзқарасын қалыптастыруды көздеді. Оның бұл педагогикалық қағидалары күні бүгінге дейін бала тәрбиесіндегі маңызын жойған жоқ.
Ыбырай Алтынсарин әрі ақын, әрі қара сөздің ұстасы, қазақтың әдеби тілінің негізін салған артына ғылыми мұра қалдырған тұлғалардың бірі. Алтынсариннің көркем әдеби шығармалары оның «Қазақ хрестоматиясында» Орынбор 1878 жылы 1 кітабында басылып шықты. Бұл кітап тек оқу құралы ғана емес, сол кездегі бала тәрбиесіне арналған көркем шығарма, озат ой-пікір ұлт қазынасы болды.
Алтынсарин көркем шығармаларын жұртшылыққа түсінікті тілде жазды. Оның шығармаларында халықтың көркем сөздіктері қорытылып, біркелкі қалыпқа түсірілді.
Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап, сөзі жатық, мағнасы қызғылықты ұсақ әңгімелер жазды. Автордың бұл әңгімелерінің балалар үшін, тәрбиелік рөлі ерекше болғандығы күмән туғызбайды.
Қазақ балаларын оқып білім алуға шақырған үндеуін «Кел, балалар, оқылық», «Өнер білім бар жұрттар» деген өлеңдері арқылы жеткізді. Ыбырай Алтынсарин өзінің белгілі шығармасы «Қазақ хрестоматиясында» (Орынбор,1879 жыл) «Сөзбасы» деген атпен бастырды. Демек, бұл өлеңінде қазақ жастарын автор оқып білім алуға үгіттеді, өткір тілмен, майда сөзбен үндеу ретінде жазды. «Балғожа бидің баласына жазған хаты» сол «Қазақ хрестоматиясының» ішінде «Оқудағы балалардың үйіне жазған хаты» бөлімінде басылған өлеңінде балаларға оқудың маңызын ұғындырды.
«Шеше мен бала» деген Ы. Алтынсариннің өлеңнің бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық, психологиялық маңызы өте зор. Бұл өлеңдері жасөспірім балаларды адамгершілікке, мейірімділікке, өнегелі болуға тәрбиелейді. Орыс классиктерінің де (М.Ю. Лермонтов, Некрасов т.б) шығармаларында да осы сарында жазылған өлеңдер жиі кездесетіндігі жұртшылыққа мәлім. Мәселен, «Бәріміз бір адамның баласымыз», «Аразбол, кедей болсаң ұрлықпенен», «Мақтанба бақыттымын деп бағыңызға», «Жүйрікте болмайды көрік сыналмаған», «Ағайын жат болады алыс болса», «Асылы залымдардың лайланды», «Әй достарым!», «Әй, жігіттер!», «Азған елдің хандары», «Азған елдің қожасы», «Азған елдің молдасы», «Азған елдің билері», «Азған елдің байлары», «Береке кеткен елдерде», «Азған елдің адамына» деген өлеңдері жастарға айтқан өсиеті. Бұл өлеңін Ы. Алтынсарин «Бәріміз бір адамның баласымыз» деп бастағанда, ол қазақ жастарының ынтымақшыл бірлікте болуға шақырғандығын көреміз. Осы өлеңдерінде автор халық әдебиеті мұрасының негізінде ұлттық тәрбие діңгегі ата-бабалардың рухани мұраларының сабақтастығын сақтаудағы тәрбиенің бір жолы қазақтың халық әдебиеті арқылы дамытуды көздегендігі сезіледі.
Жалпы Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері 1876-1879-жылдар арасында жазылып, бірінші рет «Қазақ хрестоматиясында» басылып шыққан болатын-ды. Бұл әңгімелердің кейбіреулері орыс жазушылары мен орыс педагогтерінің шығармалары үлгісінде жазылған. Мысалы, «Бір уыс мақта», «Аурудан аянған күштірек», «Алтын шеттеулік», «Тышқанның өсиеті», «Шеше мен бала», «Бақша ағаштары», «Талаптың пайдасы», «Әке мен бала», «Жаман жолдас», «Қарға мен құрт», «Түлкі мен ешкі» тағы басқалары сол кездегі орыс педагогтерінің (Ушинский,Толстой, Паульсон, Крылов) шығармалары үлгісінде жазылған. Ал, олардың ішінде бірнешеулерінің мағынасы негізінде орыс педагогтерінің шығармаларына ұқсас келеді [1]. Осы әңгімелер бір стильде дидактикалық мақсатта жазылған. Бұл жөнінде «Қазақ хрестоматисына» жазған алғы сөзінде және әркімдерге жазылған хаттарында автордың өзі де ескертеді. Сөз құрылысы жатық, көпшілікке түсінікті, қазақтың сұлу жалпақ тілімен көңілге қонатындай етіп, оқушы балаларға тәлім-тәрбие беруге арналған.
Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Аурудан аянған күштірек», «Мейірімді бала», «Палкан деген ит», «Қанағат», «Өтіріктің залалы», «Тәкаппаршылық» т.б. бұл әңгімелері жастарды әдептілікке, сабырлылыққа, салмақтылыққа және әділ, мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелейді. Оның басқа әңгімелерінің де түйіні жастарға өнегелі тәрбие беру екендігін көреміз.
Ол өзінің «Сәтемір-хан», «Талаптың пайдасы», «Зиректік», «Білгеннің пайдасы», «Әдеп» тағы басқа әңгімелерінде балаларды білім алуға, зирек болуға үгіттеді. Мысалы, «Талаптың пайдасы» деген әңгімесінде, ынтасымен оқудың, зиректіліктің нәтижесінде осы әңгіменің кейіпкері Матвей деген кісі бүкіл Ресейге белгілі суретші болып шығады. Басқа әңгімелерде де автор білімді дәріптеді. Бірсыпыра әңгімелерінде жастарды еңбек сүйгіш болуға, ұқыптылыққа дағдылануға шақырады. Бұл тақырыпқа арналған әңгімелері: «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Бір уыс мақта», «Дүние қалай етсең табылады» тағы басқа шығармаларынан көруге болады.
Үй салу, егін кәсібімен шұғылдану, т.б. халқымыздың дәстүрлі шаруашылық мәдениетін ұлттық тұрмыс-салтын жастарға дәріптеуниетінде, Ыбырай Алтынсарин бірнеше әңгімелер жазды. Әсіресе, «Қыпшақ Сейітқұл», «Малды пайдаға жарату», «Киіз үй мен ағаш үй» деген әңгімелерінде, автор қазақ жастарына көшпелі өмірден отырықшылық тұрмыспен айналысу, жер кәсібімен шұғылдану заман талабы екендігін сездірдсе, «Бай мен жарлы баласы», «Лұқпан әнін», «Малды пайдаға жарату» деген әңгімелерінде, автор сол кезде қазақ жастарына, тұрмыс тіршілікке бейімделуге шақырған нақты мысалын көреміз.
Балаларға арналған шағын әңгімелерін жазуда, ол орыс жазушыларының (Крылов, Толстой т.б.), орыс педагогтерінің (Ушинский. Паульсон) шығармаларын үлгі етті, немесе солардың кейбір қызғылықты әңгімелерін казақ тіліне аударды, аударғанда оны қазақ балаларының мінез-кұлқына қазатың ұлттық тәрбиесіне сәйкестіре, өзгерте аударды. Ол орыс жазушыларының әңгімелерін сөзбе-сөз аударған жоқ, мағнасына да, сөз құрылысына да өзгерістер енгізіп аударды. Ол өзінің балаларға арнаған әңгімелерінде қазақ балаларының халқының ұлттық мүддесін көздейтін елжанды патриот жастарды тәрбиелеуді көздеді. Оның жазған мысал әңгімелері күні бүгінге дейін өзінің тәрбиелік мәнін жойған жоқ.
Ұлы ағартушының шығармаларына тән нәрсе – еңбекқорлыққа, Отанын сүюге, білімді болуға, шыншыл әділетті болып өсуге баулитын тәрбие мәселесі.
Сонымен айтпағымыз, Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық мұраларын мектеп оқушыларына насихаттауымыз керек. Ол үшін бастауыш мектептердегі сыныптан тыс жұмыстарға Ы.Алтынсариннің тәрбиелік маңызы зор әңгімелерін оқытуды жопарлы түрде енгізу қажет.
Автор өзінің әңгімелерінде ұлттық сана мен мәдениетін, қазақтың дәстүрлі ұлттық салтымен келбетін сақтап одан әрі дамуын біліммен байланыстырды. Қазақ халқының өзге ұлттан кем болмауын көздеді, соны дәріптеді, өз халқының прогрестік жолы оқу білімде, деп білді. Ұлы ағартушының әдеби шығармаларында көрініс тапқан ағартушылық идеяларының тәрбиелік рөлі күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ.
Ойымыздың түйінін Ыбырай Алтынсариннің: «Қазақ деген – жасанды мінезі жоқ, қарапайым халық, бірақ сол қарапайымдығының өзінде оның, көп жақсылығы жатыр», «өз елімізге қолдан келгенше кызмет ету – біздің әрқайсымыздың борышымыз» – деген ұлағатты сөзімен аяқтауды жөн көрдік [1, 30 б.].
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Ыбырай Алтынсарин. Шығармалар жинағы. – Алматы:1955. – 413 б.
«Ыбырай Алтынсарин мұрасының әлеуметтік, педагогикалық, өнегелі әлеуеті және қазіргі заман». Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдар жинағы. Қостанай, 2011. – 227 б.