Ашық сабақ. Алғашқы әскери дайындық. Атыс негіздері

Oinet.kz 08-10-2019 1515

Сабақ тақырыбы: Атыс негіздері

Мақсаты: Оқушыларға атыс негіздері туралы түсіндіру.
Сабақ әдісі: Көрнекілік.
Сабақтың материалдық жабдықталуы: Пневматикалық мылтық, плакаттар: «Пневматикалық мылтықпен ату схемасы», «Мылтықтың кері тебу күшінің әрекеті».

Сабақ барысы.
І. Кіріспе-4 мин
Сапқа тұру, сәлемдесу, оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.
Қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
ІІ. Жаңа сабақ – 25 мин
Қамтылатын сұрақтар:
1. Атыс.
2. Мылтықтың кері тебуі.
3. Оқтың траекториясы.
4. Оқтың құлдилауы.
5. Оқтың орта тию нүктесін анықтау.
Атудың теориялық негіздері

Пневматикалық мылтықпен ату. Пневматикалық мылтықты ату үшін сығылған ауа энергиясы пайдаланылады. Ол алдын-ала сығылған ұрыстық серіппенің әсерімен поршеннің жылдам қозғалуы нәтижесінде ұңғы қорабындағы ауа камерасында пайда болады. Ұрыстық серіппе ұңғының ұшын рычаг секілді қайырғанда сығылады. Ауа қысымы ауа өткізгіш арқылы ұңғы арнасындағы оққа әсер етеді. Оқ ұңғы арнасымен 200 м/с2 үдеумен қозғалады.

Оқ ұңғы арнасынан шыққан кезде ұңғы арнасындағы ауа қысымы шұғыл төмендейді және ауа толқыны – атыс дыбысы пайда болады. Оқтың ұңғы арнасын шығу сәтіндегі жылдамдығы оқтың бастапқы жылдамдығы деп аталады. Оқтың бастапқы жылдамдығы неғұрлым үлкен болса соғұрлым оқ ұзақ әрі дәл ұшады. Қысым әсері алға және артқа бірдей, сондықтан оқ алға, мылтық артқа орын ауыстырады. Бірақ, оқ пен мылтықтың массалары әртүрлі болғандықтан олар әртүрлі жылдамдық алады. Қозғалыс жылдамдықтары массаларға кері пропорционал: мылтықтың қозғалыс жылдамдығы / оқтың жылдамдығы = оқтың массасы / мылтықтың массасы.

Оқтың массасы 0, 5 г, ал ИЖ-38 мылтығының массасы 2800 г, сәйкесінше олардың салмақтарының қарым-қатынасы мынаған тең: 2800 : 0, 5 = 5600. Демек, мылтықтың артқа қозғалу жылдамдығы оқтың жылдамдығынан 5600 есе кіші, яғни өте елеусіз (0, 01 м/с).

Мылтықтың кері тебуі – ату кезіндегі ұрыстық серіппенің қысымының, содан соң ұңғы қорабының ауа камерасындағы сығылған ауаның әсерімен мылтықтың артқа қозғалуы.

Мылтың кері тебу күші оқ ұңғы арнасынан шыққанша әсер етеді. Атқыш кері тебу күшін мылтықтың дүмбісі тақалған иықпен қабылдайды. Кері тебу бағыты мен иықтың итеру күші бірдей емес. Сондықтан, қаруды тік жазықта айналмалы қозғалысқа келтіретін жұптасқан күш пайда болады. Ату кезінде ұңғы жоғары көтеріледі.

Кері тебу кезіндегі мылтықтың бұрылу бұрышы оның конструкциясына, массасына, ұстау тәсіліне, оқтың бастапқы жылдамдығына және басқа да факторларға байланысты.

Оқтың ұшу траекториясы

Сыртқы баллистика дегеніміз оққа оқ-дәрі газы немесе сығылған ауа әсері тоқтағаннан кейінгі оқтың қозғалысын зерттейтін ғылым. Ұңғы арнасынан ұшып шыққаннан кейін оқ инерциямен қозғалады.

Траектория дегеніміз ұшу кезіндегі оқтың ауырлық орталығын сипаттайтын қисық сызық. Ұшу кезінде оқ ауырлық күші мен ауа кедергісі күшіне тап болады. Ауырлық күші оқтың төмендеуіне, ал ауа кедергісінің күші оның жылдамдығының азаюына әкеліп соғады.

Ұшу нүктесі дегеніміз ұңғының ауыз бөлігінің ортасы. Ол траекторияның бастамасы болып табылады.
Көтерілу нүктесі дегеніміз бағытталған қарудың ұңғы арнасы осінің жалғасы болып табылатын түзу сызық.
Көздеу нүктесі дегеніміз көздеу сызығы бағытталған нүкте.

Ауаның кедергі күші орасан зор. Ауа кедергісінің күштілігі ауаның тығыздығына, оқтың ұшу жылдамдығына, оның түрі мен калибріне, сондай-ақ оның сыртының жай-күйіне байланысты. Ауа кедергісінің күші оқтың ұшу кезіндегі жылдамдығын азайтып қана қоймай, оны аударуға күш салады. Бұндай жағдайда оқтың ұшу жылдамдығы едәуір азаяды.

Оқтың ұшу кезіндегі ауа кедергісі күшінің әсерін азайту үшін ұңғы арнасындағы тіліктер күшімен оқтың өз осімен тез айналуын қамтамасыз ету арқылы оқтың ұшуын тұрақтандырады.

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту –12 мин

Сұрақ-жауап.

ІҮ.Қорытынды – 4 мин
Оқушылар білімін бағалау.
Үйге тапсырма, орындауға нұсқау беру.

Ашық сабақ. Алғашқы әскери дайындық. Тәулік кезекшінің құқықтары мен міндеттері
Реферат: 1917 жылғы Ресейдегі Ақпан революциясы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу