Балабақшаға арналған көптеген ойындар топтамасы

Oinet.kz 18-08-2020 809

Балабақшада топ болып ұйымдасып ойнайтын ойын түрлері: 

Жүгіріп өтуге үлгер     

Тәрбиеші балалардың біреуімен жіптің екі ұшын (оның ұзындығы 3-4 м.) ұстап оны жүгіріп келе жатқан балалардың бағытына қарай жайлап айналдырады. Балалар бірінен соң бірі, жіп жоғары көтерілген кезде, жіптің астынан жүгіріп өтуге үлгеруі қажет.Тәрбиеші балалар қимылын реттеп отырады, ол әрбір жүргізушіге «Жүр» деген белгі береді. Әрі қарай жіптің қимылын балалардың өздері бақылап, жіп жоғары көтерілгенде жүгіріп өтуге тырысулары керек. 

Қимылды ойындар(балабақшаға арналған)

Кімнің тобы тез жинақталады?     

Балалар ойнаушыларының саны бірдей 3-4 топқа бір қандай да болмасын түсті жалаушалар беріледі. Алаңның ең шетінен немесе бір жақ шетінен таған үстіне сондай түсті 3-4 жалаушалар қойылады. Әрбір топ өз түстеріне сай кішкене жалаушаның алдына барып колоннаға тұрады. Ойнаушылар сапқа тұрған кезде, тәрбиеші дабыл қағады, содан соң балалар алаңмен әртүрлі бағытта жүреді, жүгіреді, секіреді. 

Тәрбиешінің берген ырғағына, темпіне байланысты қимыл өзгеріп отырады, «Орныңа тұр!» деген белгі бойынша балалар өздерінің жалауына қарай жүгіреді де (бетін жалауға қаратып) тізбектеле тұрады. Тәрбиеші қай топтың бірінші болып тұрғанын белгілейді. .. 

Ойынды 2-3 қайталаған соң, балалар жүгіріп, секіріп жүрген сәтте тәрбиеші «Тоқта!» дейді. Осы белгі бойынша барлық ойнаушылар тоқтайды да, көзін жұмады. Осы кезде тәрбиеші жалаулардың орнын өзгертеді де: «Орындарыңа тұрыңдар!»-дейді. Балалар көзін ашады да, өз жалауларының алдына тізбекте тұруға асығады. Қай колоннаның бірінші тұрғанын атап өтеді. 

Кім тезірек жалаушаға жүгіреді?

 Ойнаушылардың бәрі орындықта отырады. Алаңның шетінен 5-6 қадам қашықтықта 4-5 бала тұратын сызық жүргізіледі. Алаңның қарама-қарсы жағында сызықтан 18-20 қадам қашықтықтағы әрқайсысының қарсысына жалауша қоятын орындық қояды. 

Орындықтар бір сызық бойына қойылады. Тәрбиешінің белгісі бойынша (дабыл қағуы немесе қолын шапалақтау, немесе «Бір екі, үш-жүгір!» деген кезде) балалар жалаушаларға қарай жүгіреді, оларды алып, жоғары көтереді, одан соң қайтадан орнына қояды. 

Тәрбиеші қандай балалардың жалаушаны басқалардан бүрын көтергенін белгілеп қояды, содан соң жүгіргендердің бәрі орындыққа отырады, ал олардың орнына сызықтың арғы жағына келесі 4-5 адам тұрады. Барлық бала жалаушаларға бір реттен жүгіріп өткенде ғана ойын бітеді.   

Ескерту. Балалар ойынның осы вариантын жақсы меңгерген уақытта, ойынды күрделендіру үсынылады: жалаушаға баратын жолға 60 см. Биіктікке жіп тартылған тіреу қойылады. Балалар жерге (еденге) қолдарын тигізбей, оның астына кіреді, денесін түзеп, әрі қарай жалаушаға жүгіреді. 

Қарлы шеңбер ойыны     

Балалар әрқайсысы 4-5 адамнан тең екі топқа бөлінеді. Дуалға бекітілген екі жалпақ фанердің бетіне дөңгелектер диаметрі 50-60 см. нысаналар сызылады. Нысанадан 3 м. қашықтыққа сызық жүргізіледі.Әр топ сызықтың арғы жағында өзінің нысанасына қарсы сап түзеп тұрады, сызықтан аттауға болмайды. 

Әр ойнаушыда 6-3-тен кесек қар бар. Тәрбиешінің «бастаңдар!» деген белгісі бойынша әрбір топ қолындағы кесек қарды лақтырып, өз шеңберлеріне, мүмкіндігінше тезірек  жабыстыруға тырысады. Егер балаларда кесек қарлар таусылып қалса, олар оны сол жерде-ақ сығымдап жабыстырып алады. Дөңгелекті кесек қарлармен қай топ бұрын толтырса, сол топ жеңіп шығады. 

Доп мектебі 

Ойын үшін кішкене доп беріледі. Балалар  біреуден, екеуден және шағын топ болып ойнайды. Ойын барысында бала қате жібере қалса, допты басқа балаға береді. Ойынды жалғастырған кезде ол қате жіберген қимылдан бастайды. 

Қимыл түрлері: 

1.  Допты жоғары лақтырып, оны екі қолымен ұстап алу. Допты жоғары лақтырып, ол ерлеп бара жатқан кезде қолдарын алдына ұстап, алақанын соғу. 

2.  Допты жерге соғып, оны екі қолымен қағып алу. Допты жерге соғып, бірден қолдарын алға созып, алақанын соғу және допты екі қолымен қағып алу. 

3.  Екі-үш қадам алыс  жерден қабырғаға қарап тұру, оған допты соғу және оны екі қолымен ұстап алу. 

4.  Допты қабырғаға лақтыру, оның жерге соғылуына мүмкіндік беру, қабырғадан алыстап барып, одан соң допты қағып алу. 

5.  Допты жерге оң қолымен бес, сол қолымен бес рет соғу.

Балалардың танымын арттыратын ойындар
Әзілхан Нұршайықовтың жастарға арнаған өсиетінен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу