Қазір Алматыға бару түк қызық емес
Бұрын Алматыға бару деген қызық еді ғой. Жиналып, буынып-түйініп ЖД вогзалға келесің. ЖД-ға келсең постоянно билет жоқ. Сосын сумкаңды сүйретіп қарсы беттегі автобустарға қарай жақындайсың.
ЖД ға қарсы беттегі стоянкаға сәл жақындасаң бітті ғой. - Алматы ма брат, Алматы - деп келіп, екі жігіт екі қолыңнан ұстап, дырылдатып сүйреген күйі автобустың ішіндегі орныңа отырғызып тастайды. Сосын бағасын келісе бастайсың.
Сүйреп кірген пысықтар:
- Алдыңғы орын, ортаңғы орын, соңғы жағындағы орындардың бағасы әртүрлі, Кондер істейді, телевизор көрсетеді, орындығы жатады - деп, рекламаны жіберіп жатады.
Бағасын келісіп, затыңды жайғастырып сыртқа шықсаң, қызықтың бәрі сыртта.
- Сол стоянкаға жақын тоқтаған машинадан түскен адамнан - Алматы ма - деп сұрап алады.
- ия - деген жауап естісе бітті, сүйреген күйі автобусқа тығып жібереді.
- Шығарып салып тұрғандар, Бір-бірімен қоштасып жатқандар, жығы-жығы адамдар, сусын сатқан балдар, тандыр самса жегендер, жолың болсын - деп жүрген Мұрат, сықылықтап күлген жастар, жылаған бала, қарбаласып жататын.
Адам толған автобустар Жетіден өте бірінен соң бірі жолға шыға бастайтын. Жол ұзақ, Черовод, Беловод, Машат, Вановка, Шақпақ баба...
Бір уақытта водительдің қасындағы телевизорды қосады. Бүкіл автобус болып, үнсіз отырып кино көресің. Ол кезде қатты төбелесетін кинолар көп болатын. Арасында сүйісетін жерлері бар. Сол жеріне келгенде ұялып, терезеден далаға қарап қаласың. Қалған жері Жаман қызық еді.
Сол арада қараңғы түседі. Бірінші кино біткен соң бір дөңнің қасына тоқтап, бүкіл автобус әжетханаға шығып алады. Айдаладағы жолдың жағасы ғой, Ерлер сол жаққа, Әйелдер оң жақа кетеді, жәй қараңғыдағы кең дала. Біреулер темекі шегіп жатады, біреулер сөйлесіп жатады. Автобус оталса, бәрі тез жинала қояды.
Біз кезде Ақыртөбеге жетеді. Сол жерде барлығы автобустан түсіп, жаппай тамақтанады. Не деген тамақтар дейсің ғой. Шетінен тәтті болатын еді.
Содан қайтып жолға шыққан соң, үшінші фильмді көріп болып, светті өшіріп, жаппай ұйқыға кететін. Кейбіреулер азанға дейін сөйлесетін, кейбіреулер жаңадан танысып жататын, кейбіреулер бір-біріне "искра" жіберіп жататын. Ұйқтап қалған болып, байқамаған болып, таңғы жетіден өте Алматының Сайранына жететін едік.
Біреулер, қимай қоштасып жатады, біреулер домашный номер алмасып жатады, біреулер қалаға қарай аялдамаға асығыс кетіп бара жататын...
Р/S: Кәзір Алматыға бару түк қызық емес. Машинаңа бензин толтырасың. Қалаған уақытта жолға шығасың. Содан 5-6 сағатта Алматыда боласың. Болды.
Даурен Босымбай