Өзбекстандық бизнес өкілдері Түркістанды аралады
Түркістан қаласына арнайы жұмыс сапарымен Өзбекстан Республикасының Самарқанд және Бұқара облыстарының әкім орынбасарлары мен бизнес өкілдері келді. Келген кәсіпкерлермен бизнес байланыстарын нығайту, тәжірибе алмасу және жаңа жобаларды жүзеге асыру жайы талқыланды.
Мұндай іссапарлар экономикалық ынтымақтастықты арттырып, аймақтың дамуында оң әсерін береді.
Көршілес кәсіпкерлерге облыстың инвестициялық мүмкіндіктері туралы презентация жасалып, АЭА, ИА, дайын өндірістік парк аумағындағы кәсіпорындар жұмысымен танысты.
Еліміздегі индустриялық аймағы көп өңірдің бірі – Түркістан облысы. Бүгінгі таңда Түркістан облысында (Түркістан, Кентау, Созақ, Бадам, Мақтаарал, Қазығұрт, Түлкібас, Шардара, Бәйдібек, Сауранда орналасқан) 10 индустриялық аймақ бар. Мұнда құны 114,2 миллиард теңгелік, 5 624 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз ететін 79 жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, машина жасау (5 жоба), тамақ өнеркәсібі (6 жоба), жеңіл өнеркәсіп (14 жоба), құрылыс материалдары (44 жоба), экономиканың басқа да салалары бойынша (11 жоба) жұмыс істеуде. Бұлардан бөлек тағы да 4 ауданда индустриалды аймақтар құрылып жатыр. Өңірдегі аудан, қалаларды қосқанда жалпы аумағы 445 гектарды құрайды. Одан бөлек 310 гектарға жуық жер резервте тұр.
Индустриялық аймақ — бұл толық дайындалған, нақты жазылған заңды құқықтары, қажетті инфрақұрылымы мен коммуникациялары бар жер учаскелері. Олардың артықшылығы - ұсынылған алаңдарда кез-келген өндірісті орналастыруға болады: фармацевтикалық кәсіпорындардан бастап автомобиль зауыттарына дейін, ал инвестор ешқандай жасырын немесе қосымша шығындарды көтермейді.
Индустриялық аймақты құру мақсаты: жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету және машина жасау, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдары мен конструкцияларын, ауыл шаруашылығы жабдықтарын өндіру сияқты өнеркәсіптің басым салаларын дамыту.
Инженерлік инфрақұрылымға электр, газ, сумен жабдықтау, су бұру, телефон байланысы, интернет кіреді.
Индустриялық аймақ аумағында резиденттерге қолайлы жағдай жасау үшін әкімшілік орталық жұмыс істейді, оған кеңсе бөлігі, конференц-зал, қонақ үй нөмірлері, сондай-ақ асхана кешені кіреді.
2013 жылы құрылған «Түркістан» индустриялық аймағы алғашында 40 гектар болса, 2018 жылдың 27 желтоқсанында Түркістан қаласы әкімінің шешімімен тағы да – 200, артынша тағы 110 гектарға ұлғайды. Нәтижесінде аталған индустриялық аймақтың қазіргі жалпы аумағы 350 гектарды құрайды.
Ал «TURAN» арнайы экономикалық аймағы» Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бұйрығымен 2018 жылы құрылған болатын. Ондағы мақсат – Түркістан қаласын жедел дамыту, Түркістан қаласының туристік әлеуетін арттыру және жалпы Түркі әлемінің рухани астанасы ретінде одан әрі қалыптастыру.
«TURAN» арнайы экономикалық аймағына келетін әлеуетті инвесторларға қолайлы инвестициялық жағдайлар жасау мақсатында 2043 жылға дейін кеден салығынан, корпоративтік табыс салығынан, жер салығынан, мүлік салығынан, қосымша құн салығынан босату және өтеусіз негізде жер телімі беру қарастырылған.
"TURAN" АЭА ауданы 39,87,39 гектарды құрайды. Оның ішінде: 861,7 гектар тарихи орталық, 1578,6 гектар әкімшілік-іскерлік орталығы, 365 гектар өнеркәсіптік аймақ, 35 гектар "Brownfield" өнеркәсіптік аймағы», 967 гектар әуежай 180 геатар «Greenfield» индустриялық аймағындағы жобалар
"TURAN" арнайы экономикалық аймағының құрылу мақсаты:
1. Түркістан қаласын жедел дамыту;
2. Түркістан қаласының туристтік әлеуетін арттыру және Түркі әлемінің рухани астанасы ретінде одан әрі қалыптасуы және туристтердің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және қанағаттандыруға қабілетті тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристтік инфрақұрылымды дамыту;
3. туристтерге қызмет көрсетуге арналған бірыңғай ақпараттық база құру.
АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 1938,0 гектарды құрайды. АЭА аумағының құрамына 4 қосалқы аймақ кіреді: ауданы - 188,0 гектар тарихи орталық, ауданы - 1350,0 гектар әкімшілік-іскерлік орталық, ауданы 365 гектар және 35 гектар өндіріс аймақтары.
АЭА аумағындағы қызметтің басым түрлері:
1. Туристтерді орналастыру орындарын, санаториялық және сауықтыру нысандарын салу және пайдалануға беру;
2. Инфрақұрылым нысандарын, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру;
3. Ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін салу және пайдалануға беру;
4. Өндіріс және қайта өңдеу нысандарын салу және пайдалануға беру;
5. Құрылыс материалдарының өндірісі;
6. Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі;
7. Дайын металл бұйымдарының өндірісі.
"TURAN" АЭА-ның өндірістік қосалқы аймағын дамыту мақсатында ауданы 365 га болатын аумаққа инфрақұрылым салу, жергілікті және республикалық бюджет қаражаты есебінен жоспарлануда.
Бүгінгі таңда "TURAN" АЭА-да жалпы сомасы 182 млрд.теңгеге 27 жобаның құрылысы жүргізілуде.
АЭА қатысушыларына ұсынылатын жеңілдіктер:
"TURAN" АЭА Басқарушы компаниясы қатысушыларға "бір терезе" қағидаты бойынша өтінім беруден бастап, пайдалануға берілгенге дейін барлық мәселелер бойынша көмек көрсетеді.
"TURAN" АЭА аумағындағы салықтық жеңілдіктер;
корпоративтік табыс салығы (КТС);
жер салығы;
мүлік салығы;
қосылған құн салығы (ҚҚС)
"TURAN" АЭА аумағындағы қатысушыларға ұсынылатын кедендік жеңілдіктер:
АЭА аумағына тауарларды әкелу кезінде кедендік баждардан босату;
"TURAN" АЭА аумағындағы басқа да жеңілдіктер:
25 жылға дейінгі мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) жер учаскелерін беру.