Қоқысты кәдеге жаратқан кәсіпорын
Түркістан қаласындағы индустриалды аймағында бүгінде сәтті жүзеге асырылған жобалар жеткілікті. Солардың бірі қоқысты қайта өңдеу арқылы пластик заттар өндіруге қауқарлы «Айбек ЛТД» ЖШС кәсіпорны. Аталмышщ кәсіпорын бүгінде пластик заттар мен қоса құрылыс материалдарын қатар өндіреді. Индустриалды аймақта жұмысын жүргізіп отырған кәсіпорын 2020 жылы ашылған болатын. Үй жағдайына қажетті пластик ыдыстарды өндірудің ерекше тәсілін ойлап тапқан кәсіпорынның басшысы Ұлықбек Ходжамов.
Алғашқыда кәсіпорын эмульсия, шелек, конистр секілді үйге аса қажетті заттарды шығарған. Ал пластик қалдықтарын өңдеу арқылы үйге қажетті желім ыдыстарды өндіруді өткен жылы қолға алған көрінеді. Кәсіпорынның негізгі мақсаты қалдық өңдеу арқылы пайдалы бұйымдар шығару болып табылады. Қазіргі таңда қоқыстан үйге қажетті бұйымдар шығару аса үлкен жаңалық деуге келмейді. Десе де Түркістанда мұндай зауыт алғаш рет іске қосылды. Зауыттың ерекшелігі де осында. Жалпы кәсіпорынға арнайы мекемелерден кейде жеке адамдар тарапынан да ай сайын шамамен 10-15 тонна пластиктен жиналған қоқыс өнімдері жеткізіледі. Жиналған жарамсыз өнімдер жуылып, толықтай тазалықтан өткен соң ғана арнайы өңдеу аппаратына жіберіледі. Мұнда келетін жарамсыз пластик өнімдердің басым бөлігі желім ыдыстар, пластикалық бөтелкелер, пакеттер мен түрлі желім бұйымдары екен. Көп жағдайда қоқыс өнімдерін түрлі металл, желім ыдыстар қабылдайтын адамдар арқылы алынады.
Кәсіпорында жалсы саны 20-ға тарта қызметкер жұмыс істейді. Жалақылары да жоғары. Бүгінде кәсіпорын 20-ға жуық пластик заттармен қоса 10-ға тарта құрылысқа қажетті заттарды өңдеп келеді. Жылына құрған емес пластиктен барлығы 350-400 мың тонна өнім өндіріледі. Кәсіпорын шетелден химикат өнімдерін ғана импорттадйды. Осылайша жан-жақтан жинақталған химикаттардың қосындысынан кафель жапсырғыш желім өндіреді. «Алдағы уақытта кәсңпорынды кеңейту мақсатында іске асқалы тұрған жоспарлар легі жетерлдік. Солардың бірі сүт өнімдерін және құрылысқа қатысты шлакаблок, бордюр, брусчатка, селикон өнімдерін шығару»,- дейді кәсіпорынның басшысы Ұлықбек Анарбайұлы.
Мамандардың дерегіне сүйенсек Қазақстан аумағы бойынша 2023 жылы 4,1 миллион тонна қоқыс шығарылған екен. Соның 24 пайызы өңделіпті. Келе-келе қоқысты өңдеу жолға қойылса, проблема азайса керек. Қоқысты 100 пайыз өңдеп, пайдаға асыратын елдер де аз емес. Одан электр және жылу қуатын алып жатқан елдер бар. Тіпті кейбір дамыған елдер өңдеп пайдаға асыру үшін сырттан миллиондаған тонна қоқысты сатып та алады екен. Мысалы, Финляндия соңғы уақытта Италиядан қоқыс сатып алып жүр. Одан өндірілген электр қуаты мен жылуды ондаған мың пәтер мен жер үйлерге ғана емес, өнеркәсіп орындарына да пайдаланып отыр. Осы күні Финляндия Ресейден мұнай мен газды да, отын мен көмірді де алмайтын болыпты. Бұл, бір жағынан, қоршаған ортаның таза болуына да септігін тигізсе керек. Қоқыстан, сонымен қатар, жылына 140 мың тонна компост деген тамаша тыңайтқыш өндіріп, шет елдерге экспорттайды. Новрегия өзінің қоқысынан желім, темір, қағаз, ағаш заттарын бөліп шығарып, өңдеп, шет елдерге экспорттайды екен. Ал қоқыстан өндірген электр қуаты мен жылу қуаты өздеріне жыл бойы жетіп артылады. Олар 4 тонна қоқыстан 1 тонна мазуттың күшін алады. Америка жылына 82 миллион тонна қоқысты өңдейді екен. Одан түрлі пайдалы бұйымдар жасап шығарады. АҚШ-та 550 қоқыс өңдеу зауыты жұмыс істейді. Кей штаттарда қоқыстан газ өндіріп, тұрмыста қолданады. Қоқысты пайдаға асыратын елдердің бірі Германия. Берлиндегі бір ғана қоқыс өңдеу зауыты 8 мың адамға жұмыс береді. Тағы бір қоқыс өртейтін Ruhleben деген фабриканың өндірген электр қуаты 61 мың пәтерді жыл бойы электр жарығымен толық қамтамасыз етеді екен. Германия өз қоқысы жетпеген соң сырттан жылына 4 миллион тонна қоқыс сатып алады. Сырттан алған әр тонна қоқыстың үстінен 800 доллар пайда көреді. Сырттан импорттаған 4 миллион тонна қоқыстан 3 миллиард 200 миллион евро таза пайда көреді. Бұл елде қоқысты сұрыптаумен және өңдеумен айналысатын жеке кәсіпорындар да көп. Жапондар қоқыстан жылына 1 миллион тонна темір, 50 мың тонна түрлі-түсті металл ажыратып алады екен. Олар залалсыздандырылған және өңделген қоқыстан теңіздің бетіне жасанды арал салады. Ол аралдарда өмір сүруге болады. Өңделген пластик ыдыстардан жапондар спорт киімін, кеңсе тауарларын, кеңсе жиһазын, жұмысшылардың арнайы киімін, кілем, мектеп формасын, және басқа бұйымдарды жасайды. Бүкіл Швециядағы үйлер мен кеңселердің, өнеркәсіп орындарының жылуының 20 пайызы қоқыстың есебінен. Соның ішінде қоқыстан алынған қуатпен жылытатын жеке үйлердің өзі миллионға жуық. Ал қоқысқа кеткен жаман қағаздан таза қаған, жаман пластиктен таза пластик шығарады. 1 тонна мұнайдан алатын қуатты 4 тонна қоқыстан алады. Оларда электр қуаты мен жылу қоқыстан оңай өндіріледі деп жатады. Өздеріндегі 32 электр станциясының жұмысын тоқтатпау үшін қоқысты Германия, Англия, Италия, Норвегия, Бельгия және Ирландиядан сатып алып отырды. Нидерландыдағы жағдай да Швециядағыға ұқсас. Қоқысты өңдеп пайдаға асыру, яғни қоқыстан электр қуатын өндіру, мың-сан бұйым шығару, оларды экспорттау елдің бәсекеге қабылетті екенін және дамыған елдердің қатарында тұрғанын көрсетсе керек. Ендеше біз де соларға ұқсап бақсақ жаман болмаспыз. Қоқысты өңдеу мен пайдаға асырудың арқасында аулалар мен көшелер тазарады, кез-келген бұрышта қоқыс жатпайды. Ал одан өндірген бұйымдар мен электр қуаты экологиялық таза өнімге жатады. Әрі қоқыс – қып-қызыл табыс көзі екен.
Жоғарыда атап өткен Түркістан қаласындағы кәсіпорындардың ауқымы кеңейіп, саны артса рухани шаһардың да қоқыс мәселесі 100 пайыз шешіліп, қоқыстан пайда табатын күн де алыс болмас.
Айта кетсек, жалпы Түркістан индустриалды аймағы 2014 жылы құрылған. Мұнда Браунфилд ғаимараттары да бар. Ол дегеніміз толық салынған кәсіпорын. Ішінде барлық жағдайы жасалған. Бұл мүмкіндік дайын ғимарат алғысы келетін кәсңпкерлер үшін жасалған. Бүгінде тек Түркістан қаласында ғана емес жалпы облыс аумағында да өңірдің инвестициялық климатын жақсарту және жергілікті инвесторларға қолдау көрсету мақсатында өңірімізде өндірістік ғимараттар салу бойынша жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда индустриалды аймақта орналасқан браунфилд өндірістік ғимараттарынан түскен қаржыға және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен жоспарланған өндірісі саласын дамытуда жеңілдетілген 3 пайызбен қаржыландыру арқылы өндірістік ғиамарттар салынатын болады. Бұл өз кезегінде өңірдің немесе еліміздің әлеуетті инвесторларға тиімді бағдарламамен ұсынылады.