Шымкентте 72 жастағы қария аурухана терезесінен секіріп көз жұмды

Oinet.kz 22-05-2023 777

Шымкентте 72 жастағы қария аурухана терезесінен секіріп көз жұмды. Жаға ұстатарлық жағдай түн ішінде болған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі KYN.kz порталына сілтеме жасап.

Screenshot_6.jpg

Зейнеткер 7 мамыр күні де суицидке талпынған. Кеңірдегін пышақпен кесіп, өлімші хәлде жеткізілген оған дәрігерлер ота жасап, бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатыпты. Одан соң психотерапевттің рұқсатымен палатаға шыққан. Күніге жанында туыстары болғанымен, соңғы бірер күн ешкім келмеген. Осыдан кейін көңіл күйі де болмай, ақыры түн жарымында қария терезеден секіріп тіл тартпай кетті.

«Туыстары кетіп қалғаннан кейін мені тастап кетті деп ойлған сияқты. Өйткені бізде өте жоғары деңгейлі көмейі тігіліп, бірінші деңгейлі өңдеу жасалып жансақтау бөліміне жатқыздық, алғашқы медициналық көмек көрсеткенбіз»,- дейді Шымкент №1 клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Қуаныш Лекеров.

«Адам шошырлық»: Алматылық мұғалім білім саласындағы бар былықты жайып салды
«Батька» сыр берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу