Күн тәртібінде жаңа оқу жылына дайындық

68579545_455249971695123_3495698655585763328_n.jpg

Мақтаарал ауданы әкімдігінің аппарат мәжілісінде аудандық білім бөлімінің басшысы Мұратбек Серікбаев білім ошақтарының 2019-2020 оқу жылына дайындық барысы туралы баяндама жасады. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ең алдымен жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың сәуір айында білім беру ұйымдарының жылу қазандықтарына, жылу жүйелеріне шаю, тазалау, гидравликалық сынақтан өткізу жұмыстары жүргізіліпті. Гидравликалық сынақтан өткізу кезінде 28 мектептің жылу жүйелерінен ақаулар анықталып, ақау актілері түзілген. Анықталған кемшіліктерді жою үшін аудандық бюджеттен 5 млн. 747 мың теңге қаржы қаралып, мердігер анықталған. 1 қыркүйекке дейін жылу жүйелері мен жылу қазандықтары толық дайын болады.

74 млн. теңгені құрайтын жалпы қажеттілігі 6240 тонна қатты отынға конкурс өткізіліп, мердігер анықталған. Бүгінгі күнге дейін қатты отынның тасымалданғаны 4020 тоннаны құрапты. Қалған 2220 тонна көмір ағымдағы жылдың 23 тамызына дейін тасымалданып, білім беру мекемелері толық қатты отынмен қамтамасыз етілетін болады.

Жаңа оқу жылына дайындау мақсатында білім беру ұйымдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен 9 млн. 906 мың теңге қаржы қаралып, қажетті құрылыс заттары (әк, бояу, водоэмулся, растворитель щетка т.б.) жеткізілген. Қазіргі таңда ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған. Ал, күрделі жөндеу жұмыстарына Жамбыл ауылдық округінде орналасқан С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебіне 160 млн. 464 мың теңге және Мырзакент кентінде орналасқан Абылайхан атындағы жалпы орта мектебіне 358 млн. 934 мың теңге қаржы қаралған.

С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарының 90 пайыз жұмысы аяқталған болса, Абылайхан атындағы жалпы орта мектебіне мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, жеңімпаз мердігер анықталып отыр.

Жаңа оқу жылында оқушыларды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендерімен толық қамту үшін жергілікті бюджеттен 268 млн. 840 мың теңге қаржы бөлінген. Оқулықтарды қайта басып шығару кестесіне сәйкес, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алу үшін 11 баспамен 130 091 оқулыққа келісім-шарттар түзілген және соның 52,5 пайызы тасымалданып үлгерген екен.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданы бойынша 2019-2020 оқу жылында 1-11 сынып аралығында 27374 оқушы білім алады деп жоспарлануда.

 



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жас кәсіпкерлерге сертификаттар табыс етілді
  • Жол сапасы сарапталды
  • «Алтын күз» шарасы жәрмеңкеден бастау алды
  • Көп балалы ана кәсібін дөңгелетіп отыр
  • «Жастар жылында» жас кәсіпкерлерге қолдау көп
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика