Арыстықтарға 100 мың теңге беру басталды


 5d5692d5a364c.jpeg

16 тамыздан бастап  әскери оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстан зардап шеккен арыстықтар 100 мың теңге өтемақы алуды бастады.

Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұрғындар мемлекет тарапынан және қор арқылы жиналған қаражатты жәрдемақы түрінде ала бастады. 100 мың теңге өтемақыны 58 мың тұрғын алады. Олар өздеріне тиесілі қаражатты "Халық банктің" банкоматтары арқылы алып жатыр.

Қазіргі таңда Арыс қаласындағы Орталық стадион жанындағы спорт мектебінде 8 банкомат орнатылған. Бұдан бөлек, қалада 10 банкомат бар. Қорға жиналған 5,8 млрд теңгенің 1,8 млрд теңге сомасын қазақстандықтар өз күштерімен жинаған болатын. Одан бөлек, 1 млрд теңге Түркістан облысы әкімдігінің бюджетінен және 3 млрд теңге қаражат республикалық бюджеттен бөлініп отыр.

Айта кетері, Арыс қаласында жалпы үйлер саны 8 637, оның ішінде 7 166 тұрғын үй жөндеуді қажет етті. Қазіргі кезде жұмыстардың 97,4% аяқталды. 433 тұрғын үй қайта салынуда. Нысандарда 163 құрылыс компаниясы, 6 мыңнан аса жұмысшы мен 286 бірлік құрылыс техникасы тартылған.

 



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бетеге кетер, бел қалар...
  • Мағазы Масанчи деген кім?
  • Абай туралы телехикаяға кастинг жариялады
  • Анасын өлтіру үшін киллер жалдаған рэп жұлдызы 99 жылға сотталды
  • Атышулы Шалқарда тағы да мектеп оқушысы пышақталды
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика