Көпбалалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй салуға 50 млрд теңге қарастырылған

Oinet.kz 30-07-2019 1077

Screenshot_17.jpg

Жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар үшін сатып алмай жалға берілетін тұрғын үй салуға және сатып алуға 32,8 млрд теңге көзделген. Ол үшін өңірлерге 14,9 млрд теңге аударылды, оның 14,8 млрд теңгесі немесе 99%-ы игерілді. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Үкімет отырысында айтты деп хабарлайды Baq.kz

Оның айтуынша, қаражаттың төмен игерілуі Маңғыстау облысында байқалады.

«Биыл кезекте тұрғандар үшін 6 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда. 1 шілдеде 924 пәтер (47,6 мың шаршы метр) берілді», - деді министр. 

Сөз арасында ол көпбалалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй салуға және сатып алуға 50,0 млрд теңге қарастырылғанын жеткізді.

«Қаржыландыру жоспары бойынша өңірлерге 9,7 млрд теңге аударылды, оның 9,6 млрд теңгесі немесе 99,6%-ы игерілді. Барлық көздерден 7482 пәтер беру жоспарлануда. Мамыр айынан бастап 1619 көпбалалы отбасына тұрғын үй берілді», - деді Роман Скляр. 

Оның мәліметінше, жұмыс істейтін жастардың еңбек ұтқырлығын қамтамасыз ету үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 2019-2021 жылдары жылына 1 мың жалдамалы пәтер салу жоспарланған.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен жалға берілетін тұрғын үй салу мен сатып алу үшін қаржыландыру көлемі жылына 21,6 млрд теңгеге дейін өсті. 3 жыл ішінде 64,8 млрд теңге. Бұл 2019, 2020 және 2021 жылдары жұмысшы жастарға 3 мың жалға берілетін пәтер беруге мүмкіндік береді. Мәселен, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында 1050 және Шымкентте 900 пәтер», - дейді министр.

Сонымен қатар, ол қаржыландырудың өсуіне байланысты "Нұрлы жер" бағдарламасына толықтырулар енгізетіндерін айтты. Ал жастар саясаты жөніндегі уәкілетті орган жақын арада тұрғын үй бөлу критерийлері мен тәртібін анықталады. Министр сөз арасында кредиттік тұрғын үйге тоқталып өтті.

«Биыл әкімдіктер 12 388 пәтер салу үшін 108,8 млрд теңгеге облигация шығаруды жоспарлады.1 шілдеде "Бәйтерек девелопмент" АҚ жалпы сомасы 75,7 млрд теңгеге ЖАО облигацияларын сатып алды, оның 33,2 млрд теңгесі немесе 43,8% игерілді. Жарты жылдық қорытынды бойынша 1693 пәтер (103,6 мың шаршы метр) пайдалануға берілді», - деді ол.

Сонымен қатар, ол Маңғыстау және Түркістан облыстарының әкімдіктері облигациялар шығармағанын айтты. Оның айтуынша, аз қамтамасыз етілген отбасыларды жылдық 2%-бен жеңілдікпен кредит беру аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 50 млрд теңге бөлінген.

«15 шілдеде банк төлем қабілеттілігін алдын ала бағалау бойынша кезекте тұрғандардан өтініш қабылдауды бастады. Қарауға 9,9 млрд теңге сомасына 920 өтініш түсті. Кредит беруге 1 млрд теңгеге 91 өтінім мақұлданды. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда», - деді ҚР ИИДМ басшысы.

Сондай-ақ, Роман Скляр өңірлер 2020 жылға қаржыландыру жобалары бойынша толық жұмыс жүргізбей жатқанын айтты. Бұл туралы осыған дейін хабарлағанбыз.

Жастар адал жолды таңдайды
Икрамжан Хашимжанов: «Қоғам мені қазақ тілін меңгеруге, құрметтеуге үйретті»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу