Қоғам өлім жазасын талқылап жатыр

Oinet.kz 17-07-2023 2024

Осыдан бірнеше жыл бұрын бір деректі фильм көрдім. Фильм қызметі жастық шағында ату жазасын іске асыру (палач) болған қарт жайында. Ол қартайған шағында жалғыз тұрады, қасында тек қана иті бар.

Screenshot_7.jpg

Досы да, сырласы да, мұңдасы да сол. Қарт өмірінде 8 адамды атқанын айтады. Әр адамның ісін үкім орындалар күнге дейін мұқият оқып шығады екен. Әрбір атқан адамымды, олардың қылмыстарын әлі күнге дейін жатқа білемін дейді ол. Өзін “бұл әлемдегі ең бақытсыз адаммын” деп атайды. “Егер өмір қайта берілсе қаңғыбас болып кетсем де бұл қызметті таңдамас едім” дейтін жері бар. Көзінде мұң, өкініш көрініп тұр. Фильмнің аты есімде қалмапты, тапсам осында саламын. 

Бүгін қоғам өлім жазасын талқылап жатыр. Түркістандағы сұмдық жағдайдан кейін бұл тақырып қоғамда қайта қозғалуда. Жалпы заңдық тұрғыдан алып қарасақ қазір бұл мүмкін емес. 2004 жылы өлім жазасына мораторий енгіздік, ал 2021 жылы өлім жазасынан толық бас тарттық. Сонымен біздегі ең ауыр жаза өмір бойы бас бостандығынан айыру болып қалды. Оның үстіне оның барлығын ысырып қойып, өлім жазасын енгіздік деген күннің өзінде біздегі сот жүйесіндегі әділдікке үлкен күмән бар сәтте, бұл жазаны енгізу кері эффект берер еді деп ойлаймын. Посткеңестік кеңістікте өлім жазасын соңғы рет іске асырған Беларусь елі ғой деймін қателеспесем.

Бағанағы қызметі палач болған қартқа қайта оралайықшы. Оның көзқарасымен өлім жазасына қарап көрейік. Өлім жазасын орындаушы да кісі өлтіруші ғой. Мейлі ол кісі өлтірушіні өлтірсе де. Дін тұрғысынан да алып қарасақ солай-ау. Қылмыскер өлтірген құрбанның туыстары қылмыскерді атып тастағанына риза болады, қылмыскер атылып, о дүниеге кетеді, ал өзіне тікелей еш қатысы болмаған адам біреуді атып, іштей өзін қартайған шағында оймен, өкінішпен жеп жатады. Жаңағы фильмнен түсінгенім сол. Сұмдық жағдай негізі. 

Азғындар барлық жазаға лайықты әрине. Бірақ бүгін өлім жазасы жайлы жаппай айтып жатқанда сол фильм есіме түсті...

Асхат Қасенғали

facebook парақшасынан

«Қулық жасау бойынша кейбір мұғалімдер оқушылардан да асып түсті»: ҰТО басшысы Руслан Емелбаев
«Әйелдер арасындағы зорлықтың күшеюіне - өзіңізді кінәлі санамайсыз ба?»: Заңгер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу