Жамбылдағы жарылыстан соң белгілі журналист тергеуге алынды (фото)
Жамбылдағы жарылыс кезінде белсенділік танытып, кәсіпкердің ауласында жинақталған снарядтарды көрсеткен журналист Данияр Әлімқұл тергеуге алынды. Бұл туралы 31 арна тележүргізушісі Ирина Советжанқызы Instagram парақшасында хабарлады.
- Шұғыл! Қол жинаймыз! Жарылғаны рас. Жарған Данияр Әлімқұл емес! Құрметті әріптестер, Жамбылдағы жарылыстың жаңғыры басылмай жатып әріптесіміз Данияр Әлімқұл әлі белгісіз себеппен тергеуге алынды. Телефоны тәркіленіп, өзінен тіс жармауға қол хат жаздырып алынған. Бізге белгілісі Даниярдың құзырлы органдарынан шақырту алғанына Байзақтағы кәсіпкердің ауласындағы снарядттарды көрсетуі себеп. Сонда егер қауіпті затты көрсең үндемей кету керек пе? Жемқорлықты, ұрлықты, жалпы қылмысты істі көрсең айналып өтуіміз керек пе?Снарядтың дүмпуінен Даниярдың сюжеті елге, қоғамға қауіп төндірді ме? Бүгінде БАҚ мен жергілікті билік арасы күннен күнге алшақтап бара жатқаны, сорақысы оған жауаптылардың қыңқ демей отыруы алаңдатады. Сондықтан, бүгін сағат 15:00 де Жамбыл облыстық прокуратураның алдында әріптесімізді қолдауға шақырамыз. Жарылғаны рас. Жарған Данияр емес. Бөлісуге мархаббат! - деп жазды тележүргізуші Ирина Советжанқызы.