«Крещенские морозы»

Oinet.kz 04-03-2019 1230

175-1476214110-059a83c12a.jpg

 Бұл – христиан дінімен тығыз байланысты діни рәсім. Десе де, соңғы жылдары қыстың қақаған аязында өзен-көлдің бетіндегі қалың мұзды ойып, тастай суық суға шомылатындардың қатары артып келеді. Өздерін «морж» деп атаушы бұл жандардың мұндай ерлігін медицина мамандары қолдай ма?

   Сақылдаған аяз емес, жаздыгүні де суық суға түсудің өз тәртібі бар, яғни тастай суық суға жазда беталды шомылудың өзі денсаулыққа, әсіресе, жүрекке кері әсерін тигізеді. Ал қыстыгүні оның зияны он есе артық болмақ. Температураның күрт өзгеруінен жүректің аяқасты тоқтап қалу қаупі жоғары. Егер суға бірден күмп ете түссе, жүрек қана емес, бүкіл денедегі тамырлар, бұлшық еттер мен тері клеткаларының жұмысына кері әсерін тигізеді. Қан айналымы артып, жүрекке күш түседі. Соның салдарынан стенокардия, инфаркт, инсульт болуы ықтимал. Сондай-ақ, жүрек-қан тамырларына да үлкен қауіп төнеді.

  Ресейлік медицина мамандары "морждардың" денсаулығын назарларына алып, бірнеше статистика жұмыстарын жүргізіпті. Оның қорытындысы бойынша "морждар" қыс бойы 2-3 рет тұмаумен ауыратын көрінеді. Дегенмен, өзге халықпен салыстырғанда олардың тұмауы ұзаққа созылатыны анықталған. Көптеген ғалымдар "морждардың" аз ауыратынын, бірақ оларда бактериальді инфекциялар жиі көрініс беретіні анықталған. Ұшық, тері аурулары көп болады екен.

 Суық суға түсу ерлерді ұрпақсыз қалдыруы мүмкін. Бұл ғылыми түрде дәлелденген. Андролог мамандар күрт ауысқан кез келген температура жыныс мүшесін тітіркендіріп, сперматозоидтардың санын азайтатынын айтады. Сондай-ақ, уролог мамандар суық суға шомылып простатит ауруын «арқалап» алу мүмкіндігі мол екенін ескертеді.

 Дереккөз : anabol.kz

Қауынның емдік қасиеттері
Алоэ шырыны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу