Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Oinet.kz 04-09-2019 1177

Screenshot_9.jpg

 Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен  қала әкімінің орынбасары лауазымына  Бұхарбай Парманов тағайындалды. 

 Бұхарбай Рысқұлұлы 1962 жылы дүниеге келген, білімі – жоғары. Еңбек жолын 1980 жылы Ленин ауданы Әлішер Навои колхозының колхозшысы болып бастаған. Мемлекеттік қызметті 1986 жылы Кентау қалалық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер инспекциясының экономисті қызметінен бастаған.

 1987-2018 жылдар аралығында Ленин аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер экономисті, аға салық ревизоры-инспекторы, бас салық ревизоры-инспекторы қызметтерін атқарды. Сонымен қатар, салық және қаржы полициясы органында және Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары, Сарыағаш, Төлеби  аудандарының әкімі лауазымын атқарған.

2018 жылдан бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі қызметін атқарып келген.

 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Божко: «Қазақстандықтар мемлекетке тізерлеп отырып алғыс айту қажет!»
Ресми түрде «Акселератор Нұр-Сұлтан» жобасы іске қосылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу