АҚШ-пен бітімге келмейміз, кек қайтарамыз: Моджтаба Хаменеи алғаш рет үндеу жасады

Oinet.kz 13-03-2026

Иранның жаңа рухани көшбасшысы Моджтаба Хаменеи халқы алдында алғаш рет мәлімдеме жасап, АҚШ базалары жабылмаса, шабуылдар жалғасатынын ескертті, деп жазады Оinet.kz.

image.png

Өз мәлімдемесінде ол АҚШ-пен бітімге келмейтінін айтып, қаза тапқандардың кегі қайтарылатынын атап өтті.

«Біз азап шеккен құрбандарымыздың қаны үшін кек алатын боламыз. Әрбір өлтірілген ирандықтың кегі қайтарылады. Біз үшін бұл мәселе бірінші орында, әсіресе Минаб мектебіндегі балаларымыздың қаны үшін. Біз дұшпандардан өтемақы талап етеміз, егер олар бас тартса, олардың мүлкін, қажет деп тапқанымызша тартып аламыз. Немесе оларға да осыған ұқсас залал келтіреміз», – деді Хаменеи.

Сонымен қатар ол көршілес елдерді өз аумағындағы АҚШ әскери базаларын жабуға шақырды. Сондай-ақ Ормуз бұғазы жауға қысым көрсету үшін жабық күйінде қалатынын мәлімдеді.

«Мен біздің батыл жауынгерлерімізге алғыс айтамын, олар зор жұмыс атқарып жатыр. Біз көршілерімізбен арадағы достығымызға сенеміз және тек АҚШ әскери базаларын нысанаға аламыз. Біз бұл шабуылдарды жалғастыруға мәжбүрміз. Барлық АҚШ базалары жабылуы керек, әйтпесе біз оларға шабуылдай береміз. Ормуз бұғазы да жауымызға қысым көрсету үшін жабық күйінде қалады», – деді ол.

Айта кетейік, Моджтаба Хаменей – Иранның бұрынғы рухани көсемі Әли Хаменейдің ұлы. Әли Хаменеи қайтыс болғаннан кейін Иранның Сарапшылар кеңесі Моджтаба Хаменеиді елдің жаңа Жоғарғы көшбасшысы етіп тағайындаған.

Тоқаев Конституциядағы тіл мәселесіне қатысты пікірлерге жауап берді
Қазақстандықтардың БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлкі бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу