Әйтенов күніне 600 миллиард шешім қабылдайды

Oinet.kz 05-04-2023 444

1f4c8baea27c995b.jpeg

Наурыз мейрамын тойлап, ертеңгі жұмыс күніне дайындалып жатқан шымкенттіктерді жер сілкінісі әбігерге салған болатын. Түнгі зілзала Тараз, Алматы, Түркістан, Қызылорда қалаларында да сезілді. Беті аулақ, жер сілкінбесін. Дегенмен алматылықтар тұрғын  үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық төзімділігіне алаңдаушылық танытып, мамандар пікірін білдіріп жатса, тараздық тұрғын жер сілкінісінен хабар беретін құрылғы ойлап тапты. Шымкент сол бір күнді ұмытқан секілді немесе «бүкіл қалаға жауап беретін» әкімге сенетін сияқты. Олай дейтініміз, жұрт тыныш, бұл мәселеден хабар көп мекемелер мен мамандар да үнсіз.

Тұрғындар «Мен бүкіл қалаға жауап беремін», деген қала әкімі М.Әйтеновтің амандығын тілеп отыр. «Күніне «600 миллиард» шешім қабылдаймын. Мен «баспен жауап беретін» шешімдер қабылдаймын. Кез келген мәселе туындаса кім жауап береді? Әкім. Мен ұлттық компанияға орналасып, 5-10 миллион теңге жалақы ала аламын. Маған өз халқыма қызмет етуге мүмкіндік берілді. Сол қызметті атқарып отырмын», – деді әкім Асхат Ниязовтың «Обожаю» YouTube арнасындағы сұхбатында. М.Әйтеновтің өзі аталмыш сұхбатта мәлім еткендей жалақысы – 1 миллион 800 мың теңге екен. Ал  «Қала тұрғындарының орташа жалақысы – 234 мың теңге», – дейді Әйтенов. Шымкентте қызметтік пәтерде тұратын Мұрат Дүйсебекұлының Астанада баспанасы бар. Тұрғын үйлердің сейсмикалық төзімділігін түбегейлі тексеріп, халыққа толыққанды ақпарат бермеуінің бір себебі де қалада уақытша тұрып жатқандығымен байланысты болса керек.


Қашып кетті әлде қашырып жіберді
Ертісбаевты партияның төрағалығына президент тағайындаған ба?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу