Нұрсұлтан Назарбаев: «Жұмыс жүрмей жатса бірінші басшыны ауыстыру керек»

Oinet.kz 20-06-2019 2833

Screenshot_2.jpg

Кешегі күні Ақордада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы біраз шенеуніктерге сын айтты. Күрделі эконтмикалық кезеңде бюджеттің шығыс бөлігінің қысқартылуы мүмкін екендігін айтты. Қысқарту тек бюджетте ғана жүрмейді. Мәселені шеше алмайтын, қалыптасқан жағдайды түсінбейтін, жаңа заман талабына мойынұсынғысы келмейтін шенеуніктер де қысқарады. 

«Бүгін мен мемлекеттік қызмет туралы заңға вето қойдым және оны Парламентке қайтарамын. Менің өзгертулерімді қарастыруды сұраймын. Жетер, 25 жыл барлығын ұстап тұрдық, шығу керек. Әрқайсысында шығатын нақты мерзімі бар. Кеңестік кезеңде 2-3 жылда егер босатса, қуанып, кететін еді, ал қазір ешкім шыққысы (зейнетке) келмейді. Зейнеткерлікке шығудың нақты мерзімі бар. Барша деңгейлерде Қазақстан бойынша осындай қанша адамдардың отырғанын білемін. Бұл саяси қызметкерлерге де таралуы керек. Жалғыз ерекшелік - заң жобасында Президент тағайындайтын бірқатар саяси мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдарын қарастыруды ұсынамыз, яғни олардың шығуын Президент өзінің рұқсатымен 1-ден 5 жылға дейін ұзартады немесе ұзартпауы да мүмкін», - деді мемлекет басшысы. 

Яғни, алдағы уақытта зейнет жасына жеткен саяси қызметшінің орнында қалу-қалмауын  тек президент шешеді деген сөз. Президент осы кадр қажет деп шешсе, қызметін жалғастыра береді, қажет болмаса жылы орнын босатуы тиіс. 

Кеше Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заң жобасына қатысты Президенттің қарсылықтарын қарады. Мәжіліс депутаттары Елбасының қарсылықтарын еңсере алмады. Нәтижесінде Елбасының ұсынысы толықтай қолдау тауып, заң президент ұсынған нормалар бойынша қабылданатын болды.

«Жалпы алғанда Елбасы бұл заңға қолдау білдірді. Бірақ, Президент осы заңның кейбір талаптары мемлекеттік аппаратты жаңартудың міндеттеріне сәйкес келмейтінін атап өтті. Ол «мемлекеттік саяси қызметте болу және оны тоқтату нормасына» байланысты болып отыр. Н. Назарбаев мемлекеттік саяси қызметкерлер мемлекеттік әкімшілік қызметкерлермен бірдей зейнет жасына жеткенде мемелкеттік қызметті тоқтату керек деп есептейді. Бұл жерде ерекшелік ол өкілеттік мерзім Конституцияда, заңдарда бекітілген тұлғаларға, Елбасы шешімі бойынша өкілеттігін бес жылға ұзартатын Президент тағайындаған мемлекеттік саяси қызметшілерге байланысты. Сондықтан, Елбасы аталған заңды Парламентке қайта талқылауға жолдап отыр», - деді Елбасының ұсынысына түсінік берген  Президент Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин. 

Жалпы байқасаңыз, соңғы кездері Елбасы жас кадрларға көбірек сенім арта бастады. Өңірлерге «Болашақ» бавғдарламасымен шетелде оқыған кадрлар келе бстады. Жәй ғана келіп жатқан жоқ бір-бір лауызымды креслоларды иеленіп жатыр. Мәселен жуырда Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының екі орынбасарының креслосын отыздан ары-бергі жағындағы екі жас жігіт иеленді.  Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың да «Болашақтың» түлегі екені белгілі.  Әбдірахымовтың ізімен Шымкент қалалық әкімдігіне де болашақтықтар келді. Өңірдің дамуына болашақтықтардың қаншалықты үлес қосатынын кім білсін. Әзірге тек сәттілік қана тілейміз!   

Ақордадағы жиында Елбасы кадрлық саясатқа қатысты өткір мәселелерді айтты. Күрделі экономикалық кезеңде кадр саясаты қатаңырақ жүргізілетін сияқты.   

-Біз қазір кадр даярлауға көп қаржы бөліп жатырмыз. Мен сендерге жиі айтамын, егер жұмыс жүрмей жатса, бірінші басшыны ауыстыру керек. Егер ол саған келіп, мәселені шешудің жолдарын айтпаса, бұл сен үшін проблема, мұндай адамдардан құтылу керек. Бұл бәріне қатысты. Қазір оқыған, жастар жетерлік. Бірақ оларды ешқайда жібермей жатыр,--деді Елбасы.

Яғни, енді өңірлерде жүрмей жатқан жұмыс үшін бірінші басшының жауапкершілігі артады деген сөз. Бәріне енді әкім жауап береді. Бәріне басқарма басшысы жауап береді. Ал әкімдер мен басқарма басшылары бұған дайын ба?  

Мұрағаттан, 2015 ж

Кремльдегі еврейлер кімдер?
Назарбаев: «Түк көрмеген қазақтар 4-5 қабат үй салады»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу