Кентауда парамен ұсталған әкімнің орнына жаңа әкім келді

Oinet.kz 11-03-2022 1236

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен, Президент әкімшілігінің келісімімен Кентау қаласының әкімі болып Рашид Аюпов тағайындалды. Облыс әкімі жаңа әкімді таныстыру кезінде оның жұмысына сәттілік тілеп, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту үшін әлеуметтік-экономикалық бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. 

Screenshot_2.jpg

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларын мерзімді әрі нәтижелі орындауды басты назарға алуды міндеттеді. 100 мыңнан астам тұрғыны бар Кентау қаласының жаңа әкіміне үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын айтып, абыройлы еңбек ететініне сенім білдірді. 

Өз кезегінде Рашид Аюпов аймақ басшысына сенім білдіргені үшін алғысын жеткізіп, алдағы уақытта Кентау қаласының дамуы мен өркендеуі жолында бар күш-жігерін жұмсайтынына уәде берді.

Screenshot_3.jpg

Айта кетейік, Рашид Аюпов 1981 жылы Кентау қаласында туған. 2019 жылдың шілде айынан 2021 жылға дейін Түркістан қаласының әкімі қызметін атқарды. Өткен жылдан бері Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.

Облыс әкімінің өкімімен Кентау қаласының бұрынғы әкімі қызметінен босатылды. 

Еске сала кетейік, Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажанов 98 500 доллар пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. 

Air Astana Ресейге ұшатын барлық рейстерді тоқтатты
Зеленский НАТО-ның Украинаны сатып кеткенін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу