Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Белгілі режиссер, соңғы жылдары қоғамдық жұмыстармен айналысып, белсенділікі танытып жүрген Еркін Рақышев фейсбуктегі парақшасында видеоүндеу жариялап, билікке талап қойды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
-Оу, жоғары жақтағылар, коронавирустен амансыздар ма, халықты карантин деп үйлеріне тықтыңыздар да өздеріңіз не бүлдіріп жүрсіздер?! Ешкімге айтпай жарты Алатауды сатып жіберіпсіздер, 200 мың гектар жері бар Іле Алатау Ұлттық табиғи паркінің бір бөлігін 49 жылға жекеменшіке беріпсіздер. Алмарасан, Үлкен Алматы көлі, Асы жайлауы тағы басқа шұрайлы жерлерге енді Гужавин деген біреу иелік ететін болыпты. Бұл не масқара? Мұны қалай түсінуге болады? Осының ақ-қарасын айтып, халыққа түсіндіретін мына Үкіметте біреу бар ма? Жоқ әлде Қытаймен жасалған келісім-шарттар сияқты бұл да құпия ма? Құпия болмаса неге осы жердің иесі халықпен, қоғам өкілдерімен келіспей олардың рұқсатынсыз жер жекеменшік адамға берілген? Жоқ әлде халықты тобырға теңейсіздер ме? Қателеспеңіздер. Ол заман өткен. Енді жауап беретін күн туды. Халықтың сұрағы көп. Неге ерекше қорғалатын аймақ жекеменшікке берілген? Жерді алған фирмаға сол жерлерге түрлі нысандар салу үшін миллиардттаған доллар ақша берілмекші дейді. Сол қаншалықты рас? Не үшін жеке адамның бизнесіне халықтың ақшасы берілуі керек? Жер бес жыл бойы сатылмайды, жалға да берілмейді деген мораторий қайда қалды? Қалған жерлерді де сатайын деп жүрген жоқсыздар ма? Қысқасы, сұрақ көп сол үшін үкімет мүшелері сұрақтарға жауап беріңіздер,-дейді видеоүндеуге Еркін Рақышев.
Ал adyrna.kz сайтының жазуынша, Қазақстанның ұлттық табиғи байлығы саналатын “Іле–Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне” қарайтын Алмарасан, Үлкен Алматы көлі, Ассы үстірті, Есік және Солдат шатқалдары және тағы басқа ұлттық паркке қарайтын табиғат байлықтары “КУЛТАУ И К” ЖШС 49 жылға жекеменшікке жалға берілген. Бұл туралы “Іле–Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің” ресми сайтында жазылған.
“Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ҚР ЭГжТРМ “Іле–Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі” РММ 2020 жылдың 13 наурызында өзара байланысты туристік объектілер кешенін ұсынатын № 1 лот бойынша экологиялық туризмді дамыту мақсатында туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін ұлттық парк учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беруге тендер өткізді. Бұл ақпарат қыста «Егемен Қазақстан» газетіне де шыққан болатын. (2020 жылдың 12 ақпанындағы № 29 (29758) Егемен Қазақстан ).
Тендер комиссиясының шешімі бойынша №1 лоттың жеңімпазы болып жалғыз қатысушы «КУЛТАУ и К» ЖШС жарияланды” делінген.
Интернетте «КУЛТАУ и К» ЖШС 5 адамға дейін жұмыс істейтін, 2004 жылы тіркелген кішігірім ұйым деп көрсетілген. Ұйым басшысы –Гужавин Александр Олегович. Бұл адам сондай-ақ, көтерме саудамен айналысатын «Ас-АЛТЫН» ЖШС-ның да басшысы ретінде көрсетілген.
Ал, «КУЛТАУ и К» ЖШС 49 жылға жалға алған ұлттық парк телімдерінде экотуризмді дамытпақ көрінеді.
Қазақстанда 2016 жылды жерді жаппай сату жөніндегі заңға қарсы көптеген митингілер өткені белгілі. Халықтың талабынан кейін президент жер сатуға уақытша мораторий жариялаған болатын.
Ал Рақышевтің талабына билік не жауап қайырар екен? Мұны жердің тағдырына бейжай қарай алмайтын көпшіліктің күтіп отырғаны анық.
Посмотреть эту публикацию в Instagram