Байдың балаларына грант беруге тыйым салынсын – Ұлттық кеңес мүшесі
Қазақстандағы табысы аса жоғары отбасылардан шыққан балаларға мемлекеттік грант беруге тыйым салу ұсынылды.
Грант үлестіріп жатқанда баланың үлгеріміне ғана емес, әлеуметтік-экономикалық факторларға да қарау керек, деді Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Асылбек Қожахметов, деп хабарлайды Dalanews.kz-ке сілтеме берген Oinet.kz ақпараттық сайты.
– Үй-ішінің табысы жоғары абитуриенттер грант алмауы керек. Гранттарды табысы төмен отбасылардан шыққан барлық абитуриенттерге 50 балл жинаған жағдайда бере салу керек.
Биыл Ұлыбритания үкіметі Кембридж бен Оксфорд университтеріне балалардың кемінде 7%-ын кедей отбасылардан қабылдауды тапсырды. Әлем өзгеріп жатыр. Әлеуметтік лифт жұмыс істеуі үшін мемлекеттік гранттарды табысы төмен адамдарға бағыттау керек, – деді Асылбек Қожахметов.