Өтемұратов Усмановтан озып, Мақтааралға 6 млн доллар көмек берді

Oinet.kz 08-05-2020 3418

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент ауылында жаңа ықшамаудан бой көтереді. Жаңа ауданда салынатын үйлерге Болат Өтемұратовтың қоры 150 үй салу үшін 6 миллион доллар қаржы бөлді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

Су тасқынынан зардап шеккен ауылдарды қалпына келтіру үшін 2,5 миллиард теңге, шамамен 6 миллион доллар бөлген Болат Өтемұратов қоры қиын кезеңде халық қолдаусыз қалмайды дейді.

Жаңадан бой көтеретін ықшамауданды Мырзакенттің орталығынан салу жоспарланып отыр. Достық, Жаңатұрмыс, Жеңіс ауылдарының тұрғындары қоныстанады.

Жаңа ықшамауданда мектеп, балабақша, халықтың тұрмысына қажетті барлық әлеуметтік нысандар салынатын болады.

Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті
Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар баспанамен қамтылады – Тоқаев
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу