Өткен айда Ұлттық қордан 575 миллиард теңге бөлінген

Oinet.kz 05-02-2020 949

Ұлттық банк Ұлттық қордың конвертациялары мен трансферттерінің көлемін атады.

Банк мәліметінше, өткен айда Ұлттық қордан бөлінген трансферттердің көлемі 575 миллиард теңге болды.

© Тұрар Қазанғапов

"2020 жылғы қаңтарда Ұлттық қордан бөлінген кепілдік берілген трансферттердің көлемі 575 млрд теңге болды. Теңге шотындағы қалдықты ескере отырып, сондай-ақ 2020 жылғы қаңтарда Ұлттық қорға түскен түсімдердің есебіненкепілдік берілген трансферттерді бөлуді қамтамасыз ету үшін Ұлттық Банк жалпы сомасы 489,4 миллион АҚШ долларына (185,9 миллиард теңге) Ұлттық қордың валюталық активтерін конвертациялау операцияларын жүргізді", - делінген банк хабарламасында.

Кеген ауданының шенділері жерді туыстарына бөліп беріпті
Экс-вице-министр Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу