Дүниежүзілік олимпиадада қазақстандық жас шахматшы жүлдемен оралды
Түркияның Чорум қаласында өткен 16 жасқа дейін жасөспірімдер арасында дүниежүзілік шахмат олимпиадасынан Қазақстандық жас шахматшы Назерке Нұрғали жүлдемен оралды, деп хабарлады prosports.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.
Швейцар жүйесі бойынша өткізілген жарыста Назерке 8 ойыннан 6,5 ұпай жинады.
Жас шахматшы дүниежүзілік олимпиадаға алғаш рет қатысып отыр. Ол енді Павлодарда өтетін халықаралық турнирге облыс құрама командасымен бірге қатысады. Ол 17 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өтеді.
Назерке Нұрғали шахматтан еліміздің спорт шебері, ФИДЕ-нің спорт шебері. Сондай-ақ 10 дүркін Қазақстан, 2 дүркін әлем, 5 дүркін Азия чемпионы атанған.