Ыдыс - аяққа қатысты ырым - тыйымдар

Oinet.kz 06-09-2020 1075

Ыдыс - аяқ. Қазақ халқында ыдыс - аяқ, қап жабдықтарға қатысты салт - дәстүр, әдет - ғұрап, сенім - наным, ырымдар көп. Қазақ халқы ыдыс - аяқты ас ішетін жабдық - бұйымдар деп қастерлеп, құрметтейді.

Пышақ шалқасынан жатпасын

Шаңырақты – отбасын, алла аман сақтасын.

Пышақ жүзі жоғары, шалқасынан жатпасын.

«Қасапшының қолында, көрінсін де соғымға...»

Қағидасын халықтың, қалт жібермей орында.

• Ыдысқа ашық қалған тағамды жаратуға болмайды. Халық ұғымында ашық қалған тағамды жын - шайтан жалап кетеді деп санайды.

• Су құйылған немесе тағам салынған ыдыстың бетін ашық қалдыруға болмайды.

• Ыдыстың беті ашық қалса, улы жәндіктер түсіп кетіп, суды немесе тағамды бүлдірелі.

• Егер көршілер тамақ әкелсе, ыдысын бос қайтармайды. Бос қайтару көргенсіздік болып саналады.

• Бие сауатын көнекті төңкермейді және түбін таяқпен немесе қолмен ұруға болмайды. Ырыс - несібе кетеді.

• Қазанды ашық қалдыруға, төңкеруге болмайды. Халық ұғымында ашық қалған қазанды жын - шайтан жалап кетеді деп саналады.

• Қазанды төңкеріп қойса, ырыс - несібе кетеді.

• Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоймайды. Ол ырысыңның таусылғанын білдіреді.

• Қонаққа кетік кесеге шай құюға болмайды. Бұл қонақты құрметтемеу болып саналады.

• Ішінде не бары білінбейтін ыдыстан ішуге болмайды. Ақ шыныдан жасалған ыдыстан ғана ішеді.

• Ыдыстан су ішерде азырақ төгіп жіберу қажет.

• Мыс және қола ыдыстарды тамаққа пайдалануға болмайды. Мұндай ыдыстарда тағам бүлінеді.

• Пышақтың жүзі шалқасынан жатса, сол үйдің малы пышаққа ілінеді.

• Жақын адамға пышақ сыйламайды. Егер жақын адамның пышағы өте ұнаса, оны ұрлап алады. Немесе пышақтасып қалады дейді.

• Ошақты, ыдысты аттамайды.

• Ыдыс түбіндегі тамақ біреудің кесе не аяғына құйылғанда тура толатын болса, сол адамның жары сұлу болады.

Денсаулық жайлы ырым - тыйымдар
Ас - тағамға қатысты ырым - тыйымдар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу