Желіде Заманбек Нұрқаділовтың мұрағаттағы суреттері пайда болды

Oinet.kz 02-06-2020 1607

Қазақ эстрадасының жұлдызы Мақпал Жүнісова дүниеден өткен марқұм жолдасы Заманбек Нұрқаділовты есіне алып, оның бұрынғы суреттерімен бөлісті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

bcbf1b3e29954ab5.jpg

Естелік фотоларда белгілі саяаткердің қасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Сара Алпысқызы мен Болат Назарбаевты да көруге болады. Мақпал Жүнісова жолдасымен өткен күндерін сағынып жүргенге ұқсайды. 

Бұл жайлы өнер иесі Instagram парақшасында Заманбек Нұрқаділовпен бірге барған шараларда жасалған фотолармен бөлісті. Марқұм саясаткердің әйелі мұрағаттағы суреттерді өз оқырмандарының назарына паш етті. Онда Нұрқаділовпен бірге Назарбаев отбасының мүшелері де бой көрсеткен.

Алайда Мақпал Жүнісова аталмыш фотоларының астына пікір қалдыру мүмкіндігін шектеп қойған. Өнер иесі жолдасы туралы естеліктерін өте жиі жариялап тұрады

Жетім өскен азамат 18 баланы асырап алған
Күйеуінен зәбір көрген мылқау қыздың тағдыры
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу