Асанбай Асқаров жайлы не білеміз?
ХХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген аяулы да ардақты ардагер азамат заманымыздың заңғар тұлғасы Асанбай Асқарұлы Асқаровтың бұл күндері қазақтың жер-жерлерінде 90 жылдығын атап өтуде. Сондай атақты азаматтардың 100 жылдық ғасыр жасаған Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевты атап өткенде жөн көрдік. Асекеңнің бойындағы туа біткен дарынымен қабілет қайрат жігерін туған елінен туған жеріне сарқа жұмсаған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқарұлы Асқаров 15 қыркүйекте 1922 жылы Жамбыл облысының Мерке ауданында, Тәті а. өмірге келген.Әкесінен 7 жасында, анасы Күнімай қарындасы Әсемкүл мен қала берді.
Ауданындағы 7 жылдық мектепті бітіріп, Фрунзе қаласындағы Педучилищеге түсіп, оны бітіргеннен кейін мектепте мұғалімдік қызметін атқарады.Мұғалім боп жүрген кезінде 1942-46 жылдары Ұлы Отан соғысында қатынасып қызмет атқарады. Әскери борышын өтей жүріп әр түрлі қалаларда соның ішінде көптеген жерлермен танысып, Иран мемлекетіндеде болады.
Әскер қатарында жүріп полк мектебін, әскери саяси училищесін бітіреді. Офицер дәрежесіне жеткен. Ботальон және полк командирі, саяси жетекші, оның орынбасары қызметін атқарады.Қызметінің өсуіне байланысты полковник чиніне дейін өскен.
Әскерден кейін райком партиясының нұсқайшысы, райком комсомолының бірінші қатшысы қызметкерін атқарады.
1946-51 жылдары мерке аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, облыстық комсомол комитетінің хатшысы, содан кейін Қазақстан ОҚЛКЖО Жамбыл облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет атқарады.
Жамбыл облыстық патрия комитетінің бюро мүшесі болып сайланады.
1951-54 жылдары Мәскеу қаласындағы орталық комитетінің КОКП-сын жоғары партия мектебін бітіреді.
1954-58 жылдары Красногор және Мерке аудандарының райком комитетінің бірінші хатшысы, 1958-59 жылдары Жамбыл облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып сайланады.
1959-65 жылдары Жамбыл облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1965-78 жылдары Алматы облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы , және Қазақстан орталық комитетінің бюро мүшесі қызметін атқарады. 1978-85 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарады. Осындай қызметтерде жүріп, жоғары партия мектебінде оқып кандидаттық диссертациясын жоғары бағамен қорғаған.
А.Асқаров-Экономикалық ғылымдарының кандидаты, профессор әлеуметтік ғылымдар академиясының, халық аралық ғылымдар академиясының академигі. А.Асқаров- Әлеуметтік, экономикасын және мәдени саласының өсіп дамуына еселі еңбек үлесін қосқандардың бірі болып саналады. 1980 жылдың орта кезінен қуғындалып, «парақорлығы және мемлекет мүлкін,
талан-таражға салғандығы» үшін деген айыппен қамалуға алынады.
1987-жылдың сәуіп айында 1991 жылдың тамызына дейін абақтыда отырады.А.Асқаровқа тағылған жала 80 жылдары белең алған қазақ зиялыларын қуғындаудың құрымында бөлегі еді .
Тергеу кезінде оған желтоқсан көтерілісін (1986) үйымдастыруға қатыстылығы, ұлтшылдылығы сияқты «Кінәлар» тағылады.
А.Асқаровқа тағылған айыптың мүлдем негізсіздігі анықталып, қырғыз республикасының жоғарғы сотының төре алқасының шешімімен ол толық ақталды, және азаматтық құқықтары қалпына келтірілді. А.Асқарұлы Асқаров көп қырлы терең сырлы жақсының жанашыр жайсаңы. Әл-Фараби атындағы ұлттық қазақ мемлекеттік университетінің профессоры.
Толағай сөйлеп, топ жарған азамат еді.А.Асқаров туралы көп естеліктер мен сұхбаттар, очерктер суреттемелер жазылды. Қайраткер, қаламгер Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы және Д.А. Қонаев атындағы халық аралық қорлардың тапсырмасымен « Өнер» баспасы 2002 жылы Асекеңнің естен кетпес тұрлаулы естерімен толғаулы ойларымен мазмұнды да мағыналы өшпес өмір жолы келер ұрпаққа үлгі болып қала береді деген сенімдеміз.
Бұл өмірбаяндық, өмір жолын тұтас айтып, жазып сыйғызу мүмкін емес, газет сыймайды. Қысқаша атап өту азаматтығын атап өту абзал деп санадық.
Ұлы Отаны үшін төккен тері текке кетпепті. Мемлекет еңбектерін бағалап, ойларымен суйіспеншілік сезімдерін шынай келбетімен кестелеп отырады.
Социалистік Еңбек Ері Алтын жұлдызымен қалалармен облыстардың құрметті азаматы.Алтын жұлдызы 5 рет Ленин, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, Октябрь революциасы ордендерінің ковалері. 12 медальмен және көптеген құрмет грамоталармен марапатталған рухы биік азамат еді. Өрісі биік , ер тұлға ардагер азамат.
Бүкіл одақтық ауыл шаруашылығы көрмелерінің Алтын ,Күміс, Қола медальдарымен марапатталған. Тараз, Шымкент қалаларының құрметті азаматы. Шымкент қаласының орталығынан ойып орналасқан А.Асқаров көшесі бар, сол сияқты А.Асқаров атындағы №77 қазақ ортақ мектебі бар. Қаланың көркем жерлеріне орналасқан Дендрапарк, Көкпар шабатын , демалыс орындарды, облысымыздың әкімі Асқар Исабекұлы Мырзахметов мекеменшіктен қайырып алып А.Асқаровтың атын берді, біз осындай жігерлі жас әкімге шексіз ризалығымызды білдіреміз.
Академик Әбіш Кекілбаев: Оңтүстік өлкесін түрлендіріп еді :
Жақсысын ұлықтамау,
Жайсаңын қызықтамау-
Өз ырысын өзі тепкендік,
Өз тілеуін өзі кескендік, дейді.
Ардағын ардақтаман ел азбайды. Оітүстіктің даңқын асырған Асанбай Асқарұлы Асанбаев еді:
Таныстар талай әлемге
Сен жайлы талай еңбегін
Ырыс боп енсін әр емге
Сол менің сый қып бергенім
Ғалым да болдым да қатарлы
Қағылып жүріп талай мен
Танытқан көпке өзімді
Қалдырам ұмыт қалай мен?!
Мұрағаттан, 2012 ж