Обырды жеңген Дарья Донцова
Қайғы шектіретін жағдаяттар ғана ес жинатып, ақыл тоқтатуға ықпал етеді.
Бенджамин Франклин
Дарья Донцова:
Ешқашан жазушы боламын деп ойламаған едім. Алғаш рет жазуға 45 жасымда ден қойдым. Ол кезде мен реанимацияның төсегіне таңулы едім. Обыр деген ауыр дерт алып жыққан кезім. 45 жасымда ажалмен арпалыстым, өлгім келмеді. Бірақ дәрігерлер бір-бірінің аузына түкіріп қойғандай: «Өкінішке қарай, 8 айдан артық өмір сүре алмайсыз» дей берді.
... Бір күні өледі деген сегіз науқастың ортасында қалдым. Олар, «өлетін болдық» деп ойбайлап жатты. Жүйкеме қатты тиетін еді.
Осы сәтте күйеуім келіп қалды. Ол өте мықты психолог еді. «Неге ойбайлап жатсың? Мен саған қағаз, қалам әкелдім. Бірдеңе жаз. Тек мыналардың әңгімесін тыңдама» деді.
Қисық-қыңыр жазумен төсекке таңулы күйі өзімнің тұңғыш романымды жазып шықтым. Химиотерапиядан кейін кітап жазу әдет болып кетті. Бірінен кейін бірін жаздым. Жаным мұрнымның ұшына келген сайын жазбаларым күлкілі бола берді.
Ауруханадан төрт роман жазып шықтым. Оның үстіне тақырбас боп қалдым. Қалың пальто киіп, басыма орамал тақтым. Жаурай беретінмін. Жаздыңгүні болса да. Романдарымды ұстап баспаға тарттым. Жұрттың бәрі бұрылып қарады. Мынау қалалық әйел есінен ауысқан десті. Менің қолжазбамды алып бір бұрышқа тастай салды. Мен сыртқа шықтым да аялдамаға келдім. Аялдамада отырып көз жасыма ерік бердім.
Бір айдан кейін қоңырау шалды. Жазбаңның жалғасы бар ма деп сұрады. Бір айдан кейін қан талдауын жасаттым. Денім сау болып шықты. Сосын шашым өсе бастады.
Дәрігердің айтқанынан орындағаным тек емдәм болды: сүт пен сүт өнімдерін ғана жедім. Ең бастысы рухыңды жоғалтпау! Өзің өлгің келмесе, өлмейді екенсің.
Аударған Шынар Әбілдә