«Жаман оймен түсірмедім»: Бас имам туралы тараған видеоның авторы кешірім сұрады (ВИДЕО)

Oinet.kz 04-02-2025 507

Әлеуметтік желіде «Астананың бас имамының үйі делінген» видеоны таратқан адам халық пен имамнан кешірім сұрады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_2.jpg

ҚМДБ ресми өкілі Ағабек Қонарбайұлы видеоны таратқан адамның халықтан кешірім сұраған сәтін жариялады.

«Мен осыдан екі күн бұрын интернет желісіне Астананың бас имамының үйі деп бір видео салған едім. Видеоны арам, жаман оймен түсірген жоқ едім. Шындығын айтсам, TikTok-қа саламын деп түсірген едім. Сол үшін бүкіл қазақ елінен кешірім сұраймын. Астананың бас имамынан, сол үйдің иесінен кешірім сұраймын. Мен де үш баланың әкесімін, жалғыз шешем бар. Мұсылман бауырларыңызды кешіріп қойыңыздар. Шу болып кетеді деп ойламадым. Жаман оймен түсірсем видеоны өз парақшама салмайтын едім», - дейді ол.

Бұған дейін әлеуметтік желіде тараған видеода бейтаныс ер адам аспазды алып келгенін айтып, зәулім сарай Астананың бас имамына тиесілі екенін айтқан еді.

Алматы-Бішкек тас жолында 3 адам мерт болды
«Мені қамап тастайды»: Алмас Өтешов қарызға батқанын айтып, спорт министрінен көмек сұрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу