Алматыда метро бекетіндегі қайғылы оқиғадан кейін қоршаулар қойыла бастады

Oinet.kz 29-01-2025 19

Алматы метросында зағип жан ажал құшқан қайғылы оқиғадан кейін жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоршаулар орнатыла бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы метрополитені баспасөз қызметінің мәліметінше, металл қоршаулар "Момышұлы", "Сарыарқа", "Райымбек", "Мәскеу", "Алмалы" бекеттеріне орнатылған.

Әлихан Сариева/Тengrinews.kz

Қоршаулар вагондар арасындағы бекіткіштерге қарама-қарсы платформаларда орналасқан. Бұл вагондар тоқтаған кезде жолаушылар жолда құлап кетпеуіне арналған.

Еске салайық, 2024 жылы 10 желтоқсанда Алматыдағы метрода бір адам рельске түсіп, қайтыс болды. Кейін "Абай" бекеті уақытша жабылды. 

Кейінірек куәгер метродағы қайғылы жағдай туралы айтты. 

Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейтжан Алматыдағы метро бекетінде болған қайғылы оқиға туралы айтып, жағдай жасалмағанын жеткізді. 


Павлодарда аулада көлік қағып кеткен адам көз жұмды
Атырау облысындағы қорымдардан елде бұрын-сонды кездеспеген бұйымдар табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу