Шығыс Қазақстанда тағы бір сарбаз өзіне қол салды

Oinet.kz 08-11-2024 366

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысында тағы бір әскери қызметкердің қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_5.jpg

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәліметінше, 7 қарашада Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде мерзімді әскери қызметкер мерт болды.

“Алдын ала мәлімет бойынша, сарбаз өзіне қол жұмаған. Полиция қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Почему стоит выбрать для ставок официальный сайт 1xBet
15 жастағы бала компьютер ойындарына тыйым салған анасын балтамен шауып өлтірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу