«Ұнамаса оны да тартып аламыз»: Түркістан облысында әкімдік 10 балалы отбасыға қандай пәтер берген?

Oinet.kz 08-11-2024 417

Түркістан облысында он баласы бар жалғыз басты әйелге әкімдік тұруға жарамыз пәтер берген. Көпбалалы ана жылуы да, жарығы да жоқ баспанада тұру мүмкін емес деп шағымдандыдеп хабарлайды Oinet.kz тілшісі “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Көпбалалы ана Елена Данькованың мемлекеттен баспана алуға әлі кезегі келмеген. Сөйтіп жергілікті әкімдік оған жалдамалы баспана ретінде уақытша пәтер берген. Алайда жалғызбасты ана онда тұру мүмкін емес екенін айтады. Айтуынша, үйде жарық та, жылу да жоқ. Балаларының кенжесі бар-жоғы бір жастан енді асқан. Елена Данькова күйеуі қайтыс болып, тағдыр тәлкегіне түскен. 

“Бұл үйді осыдан 3 жыл бұрын, баспанаңа кезегің келгенше деп берді. Бұған дейін пәтер жалдап біраз жүрдім. Енді ақша таусылған соң осында тұруға мәжбүрмін. Бұл үйде тұрғым келмейтін себебім, балаларым үнемі қызуы көтеріліп ауырады. Сымдар қалай болса солай, жалаң тұр, розетка жоқ. Ойда жоқта бала қолын тығып алса не болады? 220 вольт. Қабырғалар дымқыл тартады, балаларды суықта тұрғызуға қорқамын”, – дейді жалғызбасты ана.

Айтуынша, балалар күндіз үйде болса, кешке қонауға әжесінің үйіне барады. Жазда Елена баспана алу кезегі жақындап қалғаны туралы хабарлама алған. Бірақ әйел жаңа пәтерге сол күйі қол жеткізе алмаймын ба деп қорқады.

“Әкімдікке барсам “неге келдің, үй алдың ғой, ұнамаса оны да тартып аламыз” деді”, – дейді ашынған ана.

Ал әкімдіктегілер сұрықсыз пәтерде өмір сүруге әбден болады деп санайды. Тіпті олар жылу жүргізу үшін қазандық орнатуға жарты миллиондай қаражат бөлуге дайын. Алайда жөндеу жұмыстары туралы әңгіме де болған жоқ. 

“Бір реттік көмек сұрап әлеуметтік қамсыздандыруға жүгіндік. Ол бұл ақшаны терезе, радиатор немесе қазандық жасауға жұмсайды”, – дейді Сайрам аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Болысбек Ешімбетов.

Әкімдік Елена Данькова пәтерді осыдан үш жыл бұрын алғанда баспана толық жөндеу жұмысымен берілгенін айтады. Алайда келіншек пәтерді алғаш алғанда-ақ әкімдікке хабарласып, үйдің жағдайы туралы айтқан. Елена Данькова өзіне және балаларына тұруға болатын пәтер беруін және баспанаға кезек мәселесін шешіп беруін сұрайды. Қазір ол кезекте 96-шы болып тұр.

107 жастағы кейуана 10 сантиметрлік мүйізінің арқасында әлемге танылды
Өзбекстан мен Тәжікстаннан келген еңбек мигранттары өздерін Қазақстанда қалдыруды сұрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу