Мемлекеттік қызметшілерге берілетін сыйақы мәселесі: Министрлік нүктесін қойды

Oinet.kz 05-11-2024 329

Қаржы министрлігі мемлекеттік қызметшілерге берілетін сыйақы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_5.jpg

Ведомство мәліметінше, Үкіметтің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу, материалдық көмек көрсету, лауазымдық айлықақыларына үстемеақы қосу бюджет қаражатын үнемдеу есебінен ғана жүзеге асырылады.

Осы қаулы бойынша шығындардың нақты тізімі айқындалған. Олар үнемделген жағдайда ғана сыйақы төленуі мүмкін (іссапарларға, коммуналды және көлік қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, үй-жайларды жалға алуға және т.б. шығындар бойынша үнемдеу).

"Бүгінде бұл қаулыға, сондай-ақ басқа да заңнамалық актілерге сыйақыларды шектейтін өзгерістер енгізілмегендіктен, мемлекеттік қызметшілерге сыйақыларды беруге тыйым салатындай негіз жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Министрлік бұған дейінгі хабарламаны түсіндірді.

"Осыған дейінгі хабарламада Үкімет қаулысының нормаларын бұлжытпай ұстану қажет екені және бағдарлама әкімшілерінің қызметкерлерді тізбеде көрсетілгендерден бөлек, бюджеттік баптардан қаражатты сыйақыға пайдалануға жол бермеу туралы айтылған болатын. Инвестициялық жобаларды іске асырудан және/немесе мемлекеттік аппараттың жұмысына әсер етпейтін материалдық активтерді сатып алудан үнемделген қаражат бюджетке қайтарылуға тиіс", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін қаржы министрі Мәди Такиев министрлік енгізген жаңашылдық туралы айтты.

"Қаржы министрлігі атынан қазынашылыққа сыйақыларға арналған шоттардағы қаражатты аударуға тыйым салдық. Егер мемлекеттік органдарда үнемделген қаражат болса, оны сыйақыға аударуға рұқсат жоқ. Бұл қаражат бюджетке қайтарылады", - деді шенеунік Мәжіліс кулуарында.

Министр үнемделген қаражаттардан ғана емес, басқа көздерден де сыйақы төленбейтінін жеткізген болатын.

"Сыйақы болмайды. Біз сыйақы үшін қаражат бөлінетін және ол алынатын 112 кодты жаптық", - деп толықтырды министр.

2 миллиард теңге қарызы бар қазақстандық өзін банкрот деп тануды сұраған
«Қандай ақымақтық жасағанын түсінбей ме?»: Бірыңғай уақыт белдеуі қаншалықты тиімді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу