Махмұд Сабырхан қырғыз боксшысын техникалық нокаутпен жеңді (ВИДЕО)
Бокстан Шымкентте өтіп жатқан Қарақозы Абдалиевті еске алуға арналған халықаралық турнирде Махмұд Сабырхан Қырғызстаннан келген Елхан Молдогазиевті техникалық нокаутпен жеңіп шықты, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Msports.kz сайтына сілтеме жасап.
57 келіге дейінгі салмақта бақ сынап жатқан Махмұд бірінші жекпе-жегінде де қарсыласын уақытынан бұрын жеңіп шыққан еді. Қырғыз Елхан Молдогазиев те әлем чемпионына қарсы жұдырықтасуды толық аяқтай алмады. Екінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Айта кетейік, Шымкенттегі турнирге Қазақстан құрамасы боксшыларының басым көпшілігі қатысып жатыр. Олардың қатарында Санжар Тәшкенбай, Теміртас Жүсіпов, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Дулат Бекбауов, Мұхамедсабыр Базарбай, Айбек Оралбай және т.б. бар.