Жеңіл жүрісті қыздармен жүріп, шөп шеккен: Атырау мешіті өз имамына қатысты қауесеттерге жауап берді

Oinet.kz 02-10-2024 423

Атыраудағы "Құспан молда" мешітінің имамына қатысты әлеуметтік желілерде тараған айыптауларға ресми түрде жауап берілді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_22.jpg

Мәліметтерге сенсек, имам қызметін пайдаланып, мүфтиятқа балық пен уылдырық жіберген. Сондай-ақ боди-массажға және жезөкшелерге барғаны туралы ақпарат тарады. Алайда Атырау облысындағы "Иманғали" орталық мешіті бұл ақпараттардың шындыққа жанаспайтынын және жалған екенін мәлімдеді.

Мешіттің ресми мәлімдемесінде, имамның қызмет бабын пайдаланып, мүфтиятқа ешқандай балық немесе уылдырық жібермегені айтылды. Сонымен қатар имамның "насыбай" қолданатыны, "анаша" шегетіні және "боди-массажға" баратыны туралы ақпараттар жоққа шығарылды. Мешіт басшылығы бұл айыптауларды "жала" деп атап, ислам дінінде жала жабудың екеніне назар аударды.

Айта кетейік, "Құспан молда" мешіті – Атыраудағы ең ірі құлшылық ету орындарының бірі.

Мешіт өкілдерінің айтуынша, имамның уақыты мешіттегі жұмыспен толығымен өтіп, басқа істермен айналысуға мүмкіндігі жоқ. Сонымен қатар имамның көп мөлшерде мал ұстайтыны туралы ақпараттар да жалған деп танылды. Қазір имамның тек бір сиыры мен бір түйесі бар.

Имамның кәсіпкерлерден қызметтік жағдайын пайдаланып, мал түрінде сыйлық қабылдайтыны туралы ақпарат та жоққа шығарылды.

"Кәсіпкерлер кейде мешітке жабдықтау тұрғысынан қайырымдылық көмек көрсетеді. Көрсетілген қолдау мешіттің ішкі құжаттарында тіркеледі. Айта кетерлігі, ислам дінінде жала жабу құпталмайды", – деп қорытындылады мешіт өкілдері.

БК Pin-Up в Казахстане активно общается со своей аудиторией в социальной сети Инстаграм.
«Қазақтан қыз таппадың ба?»: Филиппиндік қыз қазақ отбасына қалай келін болып түскенін айтып берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу