Алматыда автобус зейнеткердің аяғын басып кетті (ВИДЕО)

Oinet.kz 18-09-2024 281

Желіде автобус жүргізушісі зейнеткерді қағып кеткен сәті түсірілген видео тарады. Полицейлер оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_35.jpg

Оқиға Бостандық ауданындағы Тимирязев көшесінде болған. Әлеуметтік желілерде жарияланған видеода автобус зейнеткердің аяғын басып кеткені байқалады.

 «Автобус жүргізушісі Тимирязев көшесімен келе жатып, солға бұрылып, көшені дұрыс емес жерден кесіп өтіп бара жатқан қарт адамға соғылған. Оқиға салдарынан 1938 жылы туған зейнеткер дене жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды», - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бостандық аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қылмысты тергеуге кірісті.

Дәрігерлердің айтуынша, науқас жансақтау бөлімінде жатыр.

«Науқас Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіліп, оған шұғыл ота жасалған. Қазір науқастың жағдайы ауыр және тұрақты деп бағаланады. Ол жансақтау бөлімінде дәрігерлердің тұрақты бақылауында», - деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Әскердегі әттеген-ай: Әлімжеттік қашан жойылады
«Ыңырсыған дауыс шықты»: Алматы облысындағы жарылыс куәгерлері оқиға қалай болғанын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу