Шымкентте күзетші жасөспірімді тәрбиелеймін деп аяусыз ұрған (видео)

Oinet.kz 08-07-2024 1059

Желіде жасөспірімді "тәрбиелеймін" деп аяусыз ұрған шымкенттіктің видеосы таралды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_9.jpg

Кадрларда күзетшіге немесе полицейге ұқсайтын ер адам жасөспірімді ұстап алып, ұрсып, ағашпен бірнеше рет ұрғанын көруге болады. Ер адам бұнымен қоймай балаға балағат сөздер айтып, айқайлайды. Ал бала одан кешірім сұрайды. Видеодан жасөспірімнің “Аға, кешіріңіз! Ойбай! Кешіріңіз, өтінемін!" деген жанды дауысын естуге болады. 

"Мына кісіге мылтық берсе балаларды атып тастайды", - деп жазылған видеода жазбасында.

Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі адам шошырлық видеоға түсініктеме берді. Құқық қорғау органдары жанжалдың себебі мен күзетшінің жеке басы туралы деректерді айтпады. Бұл факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр екен. 

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілі.

Домбыра күнінде пойыздағы жолаушыларды құттықтаған жас таланттар жұртты тәнті етті
Жамбыл облысында нөсерден кейін жиырма бір үйді су басты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу