Астанада мас жігіт жедел жәрдем қызметкеріне пышақпен шабуылдаған

Oinet.kz 03-06-2024 441

Астанада жігіт жедел жәрдем қызметкеріне шабуылдаған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_2.jpg

Оқиға 1 маусым түнде болған.

Ақпаратты Астана полициясының баспасөз қызметі растады.

Мас жігіт агрессивті  болып, келген жедел жәрдем қызметкерлерін балағаттаған. Одан кейін ол фельдшерлердің біріне шабуыл жасап, оны пышақпен қорқытып, өзімен бірге бір бөлмеге қамап тастаған.

Медицина қызметкерлері 102-ге хабарласты.

Полиция жасағы ер адамды ұстап, Алматы аудандық ішкі істер бөліміне жеткізді. Пышақты тәртіп сақшылары тәркіледі.

Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, 25 жастағы қаскөй мас болған.

"Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп түсіндірді полицейлер.

Еске салсақ, бұған дейін Қарағандыда ер адамның жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққаны туралы жазған едік. 

Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжанов апелляциялық шағым түсірді
Қызылордада мұғалім әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу