Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі
Бақытжан Байжановтың апелляциялық шағым түсіргені туралы ақпарат 27 мамырда Сот кеңсесінің сайтында жарияланды.
13 мамырда Гастро орталықтың директоры Бақытжан Байжанов Қылмыстық кодексінің 432-бабы (Қылмысты жасыру) бойынша кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды.
Еске сала кетейік, 13 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі аяқталды. Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға, ал Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.
Айта кетсек сотқа дейін Байжанов өз әрекетінде қылмыс құрамы бар-жоғын білмейтінін, жазасын алуға дайын екенін айтқан еді.
“Бірақ егер мені кінәлі деп санасаңыздар, мен жазамды алуға дайынмын. Мен Салтанатты құтқаруым керек еді. Салтанаттың отбасы мен туған-туыстарынан, ата-анасынан, Айтымнан және осы қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің барлығынан шын жүректен кешірім сұраймын", – деді Байжанов.