Көршісінің әжетханасына құлап, қаза тапқан 3 жасар Асылым жерленді (видео)

Oinet.kz 20-05-2024 812

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен бүлдіршіннің мәйіті табылған еді. Ауыл халқы 3 жасар Асылымды жер қойнына тапсырды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_5.jpg

«Қияметтің күнінде жастайынан шетінеген перзент өзінің ата-анасына шапағатшы, «менің ата-анам қайда?» деп жәннаттан сұрап тұрады дейді», - дейді бүлдіршіннің жаназасын оқыған имам.

Жерлеуге қатысқандар қарасы көп. Жерлеу рәсімін Батыр блогер өз парақшасына жүктеген.

Еске салсақ, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Сіргелі ауылында үш жасар қыздың 16 мамырда жоғалып кеткені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Ата-анасысының айтуынша, үй тірлігімен жүргенде таңғы сағат 9:00 шамасында бүлдіршін есік алдындағы қақпа алдында ойнап жүрген. Содан кейін бала із-түзсіз жоғалып кеткен.

Түркістан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы мен Сарыағаш аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында баланың денесі көрші үйдің дәретханасынан табылған. Кішкентай қыздың денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмады.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жасалып жатыр. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталады.

«Секс құлдыққа сатып жібермек»: UFC-дегі қазақстандық бұрымды қорқынышты мәлімдеме жасады
Алғаш рет «Аuezov school cup» республикалық пікірсайыс турнирі өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу