«Кезінде Айша анамызға да жала жабылған»: Блогер Үміт Мұхитова экс-жұбайының сөзін жоққа шығарды

Oinet.kz 29-11-2023 2025

Блогер Үміт Мұхитова мен кәсіпкер Аян Сейітханның отбасылық мәселесі ел аузында әлі талқыланып жатыр. Аян отандық бағдарлама шығып, әйелінің өзге діни ағымда екенін және 20 миллион ақша жымқырып кеткенін жайып салған болатын. Ал Үміттің айтуынша мұның бәрі бос сөз. Ол оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп, жанжалға нүкте қойды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

 Екі жас 2022 жылы шаңырақ көтеріп, балалы болған еді.

“Мен сторис салып жатсам, бәрі мені уайымдап, жылап жатыр екен деп ойлапты. Менде бәрі жақсы. Ешқандай уайымым жоқ. Ата-анам, бауырларым және балам бәрі жанымда. Оқырмандарыма рақмет! Қырғызстан мен Өзбекстаннан оқырмандарым жазып, қолдау білдіріп жатыр. Сол маған күш береді”, – деп жазды. 

Сондай-ақ, күйеуінің “Салафит болуға насихаттайды” деген сөзін жоққа шығарды. 

“Барлық сұраққа жауап беру мүмкін емес. Бірақ салафизм туралы сұрақты көріп тұрып, жауап бермеуге арым жібермеді. Аянның айтқаны шындыққа жанаспайды. Өзі де айтты ғой, “медресеге ақша жинауға келгенімде таныстым” деп. Еліміздегі медреселердің бәрі Абу-Ханифа мазхабын ұстанады. Егер мен басқа ағымда болсам, ақша жинап, медреселердің көбеюіне үлес қоспайтын едім. Кезінде Айша анамызға да жала жабылып еді. Оның қасында мен кіммін?!. Иә, Раббым! Сен әділеттісің ғой! Сенің пендеңе жала жабылды. Осы күнге дейін ол кісінің айтқан сөздерінің бәріне жауабым дайын болып, мүмкіндігінше оқырмандарымнан таратуға көмек сұраған болатынмын. Алайда ұстазым Қабылбек Әліпбайұлының сөздерінен кейін ойланып, райымнан қайттым. “Арыстанның үрген иттерге үндемеуі – арыстан болғаны, ал егер ол да үрсе – ит болғаны” деген сөзі мені тоқтатты. Мен бәрін дәлелдеп, жала жапқандармен аяғына дейін жанжалдасқым келді. Бірақ, үнсіздікті таңдадым”, – дейді блогер.

Алматы облысында аштықтан сөйлей алмай қалған бала анықталды
4 баласымен америкалық азаматқа тұрмысқа шыққан блогер күйеуімен қалай танысқанын айтып берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу