«Табиғи жолмен дүниеге келді» - Көп балалы отбасының жеті перзентінің бәрі бір күнде туған

Oinet.kz 29-08-2023 1161

Пәкістанның Ларкана аймағында тұратын Манга отбасындағы жеті баланың туған күні бір күнде, яғни 1 тамыз, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Rtraveler басылымына сілтеме жасап. 

Screenshot_6.jpg

Тоғыз адамнан тұратын отбасыда әкесінің есімі Әмір Әли және анасы Худежа. Екеуінің 19 бен 30 жас аралығында жеті баласы бар. Олар Синдху, егіздер Сасуи мен Сапна, Аамир, Амбар және егіздер Аммар мен Ахмар. 

1 тамыз ата-ана Амир мен Худеджи үшін ерекше күн. Өйткені олар тамыздың алғашқы күні шаңырақ көтерген. Олар 1991 жылы үлкен қызының туылуына тура бір жыл қалғанда үйленген.

Манга отбасы жеті бала бір күнде туылған ағайындылар саны бойынша әлемдік рекордты иеленеді. Бұған дейін рекорд Камминс отбасына (АҚШ) 20 ақпанда 1952-1966 жылдар аралығында дүниеге келген бес балаға тиесілі болатын. 

1992 жылы 1 тамызда Манга отбасының тұңғышсы Синдху есімді қыз дүниеге келген. Әмірдің айтуынша, барлық балалары бір күнде дүниеге келгенде Худежа екеуі таңданған. Олар мұны "Құдайдың сыйы" деп есептегенін жеткізді. 

"Барлық балалар табиғи жолмен дүниеге келді. Олардың ешқайсысы кесарь тілігі арқылы мерзімінен бұрын туған жоқ. Худеджи бәрін ай күні жетіп босанды" - деді Әмір Әли.

Астанада ер адам көшенің ортасында адамды өлтіріп, автобусқа мініп, қашып кеткен
«Бұл жерде өлгім келмейді»: Үнді жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы көмек сұрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу