4 жасар ұлын өлтірді деп күдікке алынған әке сотта көпшілікті таң қалдырарлық мәлімдеме жасады

Oinet.kz 26-07-2023 1125

Ақтөбеде өз ұлын жауыздықпен өлтірді деп айыпталған Артур Ахунов ешкім күтпеген мәлімдеме жасады. Бүгінгі сот отырысында ол 4 жасар баланы үшемнің сыңары байқамай өлтіріп алды деп ақталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Screenshot_4.jpg

«Ол қызыммен ойнағанды өте жақсы көретін. Олар ойнай бастады. Оны жіберіп қалғанда бетонға баспен түсті. Артынша үлкен ұлым түсінбей итеріп жіберді. Сол сәтте, ол бетін еденге соқты»,- дейді  сотталушы Артур Ахунов.

Төрт жасар ұлын өлтірді деп айыпталған 41 жастағы қатыгез әке әр отырыста түрлі сылтау айтып, шатасып жатыр. Бұл жантүршігерлік қылмыс былтыр желтоқсан айында болған. Бірақ айыпталушы өз кінәсін мойындамай отыр. Тіпті сотта неліктен жедел жәрдем шақырмағанын да түсіндіріп бере алмады. Бірақ тергеу кезінде ол ұлының мәйітін жалдамалы пәтердің балконында он күннен астам уақыт ұстағаны анықталған. Кейін 4 жасар Данилдың денесін қытай сөмкесіне салып, таксимен алдын ала қазылған шұңқырға апарып көміп тастаған. Сот сараптамасы бала басынан алған ауыр соққыдан көз жұмғанын дәлелдеген.

«Сол жақ маңдай бөлігінің зигоматикалық аймағында соққы болған. Содан кейін оң жақта желке жағынанда соққының ізі бар. Бұл тікелей соққы болуы мүмкін. Сынық жарақаттары да анықталды»,-дейді  сот сарапшысы Ырыскелді Сүлейменов.

Алматы облысында жартылай жалаңаш еркек жас қыздың соңына түскен (видео)
Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өлімі - Ауылдағы әрбір үйге тексеріс жүргізіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу