Қазақстандық отбасы мысығының туған күнін атап өтіп, тұсауын кесті (видео)

Oinet.kz 28-02-2023 789

Қазақстандық жас отбасы үйіндегі бір жасқа толған Серік есімді мысығының туған күнін атап өтті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі KYN.KZ сайиына сілтеме жасап.

Screenshot_7.jpg

Әлеуметтік желіде Серік атты мысықтың туған күн кешінен түсірілген бейнежазба тарады. Тек тарағанТек өздері ғана емес, туған күн иесін құттықтау үшін сырттан қонақтар да келген көрінеді. Дастархан басына жиналған адам қарасы көп. Тіпті Серікке арнайы торт та пісіріп, «1 жас» деген жазу да жазыпты. Бейнежазбадан оның үй иелері, яғни ерлі-зайыптылармен бірге шам үрлеп, тілек те тілегенін көруге болады. Тіпті 1 жасқа толуына орай тұсаукесер де өткізген.

Мұны көрген жұрт не күлерін, не жыларын білмей дал. Олар екіжақты пікір білдіріп, бірі даттап отырса, енді бірі қоштап отыр.

«Серіктің сүндет тойынан видеолар күтеміз», «Не деген масқара, мысықтың да туған күнін тойлай ма екен», «Одан да жетім балаларды асырап алса болады ғой, ақыры балалары жоқ болса», «Несі бар, мысық та отбасының бір мүшесі, мен де тойлар едім мысығым болса», «Ой, Алла, естімеген елде көп, осындай да күнге жетіппіз ғой, орыстардң кемпірлеріне ұқсап», «Керемет, құтты болсын», «Ақшаларың асып-тасып жатса, жетім-жесірлерге көмектесіңдер» — дейді желідегі жұрт.

Астаналық әйел күйеуінің көңілдесін өлтірді
Алматыда 9 қабаттан биік үй салуға болмайды – Сейсмолог
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу