Түркістан облысында Әдеп кодексінің нормаларын бұзу жайы төмендеген

Oinet.kz 08-02-2023 644

Түркістан облысында Әдеп кодексінің нормаларын бұзу жайы өткен жылға қарағанда төмендеген. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Өркен Балажанов мәлімдеді.

329822241_499030029099655_2965340171945164474_n.jpg

Тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметкерлер арасында Жетісай ауданы көш бастап тұр. Содан соң, Шардара ауданы мен Түркістан қаласында да тәртіп бұзған мемлекеттік қызметшілер көп. 

«Түркістан облысында мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілікке тартылу жағдайлары азайып келеді. Мәселен, 2021 жылы 1915 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 1842 құрап отыр. Оның ішінде Әдеп кодексінің нормаларын бұзу жайы да біршама төмендеген. Бұлда профилактикалық жұмыстардың көбірек жүргізілгендігінің нәтижесін деп білеміз. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырамыз» - деді Өркен Балажанов.


Көкшетауда 300 мың теңге көлемінде пара алудан бас тартқан полицей марапатталды
Өркен БАЛАЖАНОВ: "Мемлекеттік қызмет әрдайым жаңарып отырады"
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу