Ыстамбұл орталығында жойқын жарылыс болып, адам мерт болды

Oinet.kz 14-11-2022 529

Түркияның Ыстамбұл қаласында жарылыс болып, 6 адам көз жұмды. Тағы 81 адам түрлі жарақат алған. Жарылысты ұйымдастыруға қатысы болуы мүмкін деген күдікпен Түркия билігі бір әйелді қамауға алды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

Жарылыс 16:20 шамасында қаладағы туристік орталық болып саналатын Истикляль көшесінде болған. Қайғылы оқиғадан соң полицейлер аймақты қоршап, ешкімді өткізбеген. 

Кейін Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған жарылыс салдарынан көз жұмғандар саны 6 адамға, ал зардап шеккендер 81 адамға жеткенін мәлімдеді.

Көп ұзамай Түркия Ішкі істер министрі Ыстамбұлдағы жарылысқа қатысы бар деген күдікпен әйелдің ұсталғанын хабарлаған. Журналистердің сөзінше, әйел жарылғыш заты бар пакетті туристік орталыққа тастап кеткен. 

Зардап шеккендер мен көз жұмғандар арасында шетел азаматтарының бар-жоғы анықталып жатыр. Ыстамбұлдағы Қазақстанның бас елшілігі елдің құзырлы органдарымен байланыста екенін мәлімдеді. 

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Солтүстік Қазақстан облысына барды
Президенттікке кандидаттардың теледебаты өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу