Жалақыны айналдырып кеп мұғалім, дәрігерлерге көбейте береді. Ал біз ше?

Oinet.kz 25-08-2022 2925

Screenshot_3.jpg

Жалақыны айналдырып кеп мұғалім, дәрігер, мемлекеттік қызметкерлерге көтере бергенше бюджеттік мекемеге де мойын бұрып қарайтын адам болса ғой.

80-90 мың айлыққа мына заманда жалғызбасты адам да күнін көруі қиын.

Ең болмаса екі-үш айда бір премия беріп, әлеуметтік көмекті дұрыстап көтеріп отырса да бір жөн. Айналдырып, әр мерекеде премияға қарық болатын тағы да сол 300-500 мың жалақы алатын мемлекеттік қызметкерлер. Кез-келген министрлік, басқарма өзіне қарасты РМҚК, МКҚК мекемелерден тұрады. Бәрі де түптеп келгенде мемлекет үшін қызмет жасайды. Айлығы мардымсыз шиқылдаған қызметкерлерді ойланса бір сәт. Медициналық қызмет, түрлі спорттық секциялар, транспорт, т.б. мемлекеттік қызметкерлерге тегін де оларға бағынысты ұйымдар үшін барлық есік жабық, ал айлық итке сүйек лақтырғанмен бірдей. "Ойбай,9-дан кешіксе выговор береді, Ойбай тексереді",-деп миллион айлық алатындай кешігіп бара жатса таксиге мініп жүгіретіндерді айтсаңызшы. Амал жоқ қой енді. 

...Биттің қабығындай жалақысын қайда жеткізерін білмей басын уыстап қысқан айналаңдағы жұртты көргенде езілесің кәдімгідей.

Бәлкім, миллиондаған жалақы,дайын қызметтік үй, көлікпен қамтылған ДЕПУТАТТАРҒА 80-90 мың жалақы төленуі керек шығар. Жандары әлеуметтік таршылықтан қиналған соң жіті зерттеу жүргізіп, дұрыс заңдылыққа ықпал ете алар ма еді? Әзірге, ықылық атқан ешбірі де өзінен кейінгінің жайын ұғар емес.

Мадина Сабырдың Facebook парақшасынан

Немерелі бола алмай жүрген Рымбаева келіні туралы шындықты айтты
«AMANAT»: Депутат бірқатар мәселелерге назар салды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу