Ашуға булыққан Путин Рогозинді қызметінен алып тастады
Ресей президенті Владимир Путин Дмитрий Рогозинді "Роскосмос" басшысы қызметінен босатты.
Рогозин 2018 жылдың мамырынан бері "Роскосмостың" бас директоры қызметін атқарған.
"Роскосмос" - ғарыш саласын басқаратын ресейлік корпорация. "Роскосмос" "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдаланады.
Еске сала кетейік, батыстық БАҚ Путин ашуға булығып жүргенін жазуда. Украиндағы әскери операция оның көңілінен шықпай жатыр дейді сарапшылар. Осыған байланысты Путин кадрлар мәселесін қайта қарауға көшкен.