Брифинг – ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Бүгін қалалық полиция департаменті мен Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылығы полиция қатарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен күрестің аралық нәтижелері туралы брифингте хабарлады.
Үш ай бұрын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Ішкі істер министрлігі өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойғаны белгілі.
Құжат аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында өзара қызығушылық тудыратын ақпарат алмасу, бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг және талдау жүргізу көзделген.
Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау Полиция департаментінің көші-қон қызметінің жұмысына жүргізілуде.
Шымкент қаласы прокуратурасының үйлестіруімен, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, жергілікті полиция қызметіндегі жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесті.
Жалпы, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Департаментпен 76 қылмыс тіркелген, оның 90% - ы сыбайлас жемқорлық сипатында.
Өткен жылмен салыстырғанда сыбайлас жемқорлықты анықтау екі еседен астам өскен, яғни 33 қылмыстан 71 сыбайлас жемқорлық фактісіне дейін.
Салалар бойынша анықталған қылмыстардың ең көп саны құқық қорғау блогында 30 факт, сонымен қатар, денсаулық сақтау саласында – 27, құрылыс – 6, мәдениет – 5, білім -3 және әлеуметтік қамтамасыз ету саласында 1 қылмыс тіркелген.
Тіркелген қылмыстардың ішінде парақорлық – 58 (пара алу – 21, беру – 33, делдалдық – 4), жымқыру – 11 және өкілеттігін теріс пайдалану (1) фактілері басым.
Мәселен, бағынышты қызметкерлерден алымдардың жарқын мысалы ретінде 4-ші рота командирінің және жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция полкінің басқа да тұлғаларының әшкереленуін атап өтуге болады.
Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде қызмет бабындағы қамқорлығы үшін қарамағындағы қатардағы офицерлерден 174 мың теңге мөлшерінде пара алғаны үшін 4-ротаның командирі ұсталды.
Сондай-ақ, ол заңда көзделген демалыс күндерін бергені үшін қол астындағылардан 2 мың теңге мөлшерінде жүйелі түрде пара алған.
Сот «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша қылмыстық қудалау орбитасына 30-дан астам полиция қызметкері мен олардың сыбайластары тартылғанын, оның ішінде 4 айыпталушы соттың санкциясымен қамауға алынғанын қосымша хабарлаймыз.
Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты іс жүзінде тіркелген қылмыстық істер – бұл өткен жылдар кезеңінде (2019-2020 жж.) жасалған, қазіргі уақытта анықталған және олар бойынша тергеу жүргізіліп жатқан құқық бұзушылықтар.