Шағым мен арыз заң шеңберінде қаралады
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметі туралы қысқаша сұхбат
Сәлеметсізбе Жанәбіл Насырханұлы! Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті бөлім басшысы боласыз. Департамент жұмысы туралы айтып кетсеңіз.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық органы және электр энергетикасы саласындағы бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады. Департамент, егер осыған уәкілеттік берілген болса, өзінің атынан және Комитеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
Департаменттің негізгі міндеті мен функцияларын айтып кетсеңіз.
Электр станциялары, электр желілері энергетикалық жабдығының, тұтынушылардың электр қондырғыларының пайдаланылуын және олардың техникалық жай-күйін бақылауды және электр станциялары, электр желілері энергетикалық жабдығының, тұтынушылардың электр қондырғыларының пайдаланылуын және олардың техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады. Электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну сенімділігін және қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырады.
Департамент жалпы энергетикалық ұйымдардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалайды. Бірақ сол энергетикалық ұйымдардың қызметкерлеріне деген өкілеттіліктеріңіз қандай?
Электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуге тексеруден өтпеген персоналды электр қондырғыларына жібермеуді немесе олармен жұмыс істеуден шеттетуді бақылауды жүзге асырамыз. Және энергетикалық ұйым басшысы және техникалық қадағалаушы маманын біліктілік тексеруден өтеді. Өте алмаған жағдайда жұмысынан шеттетілун қадағалаймыз.
Энергетикалық ұйымдармен ғана емес халықпенде тікелей жұмыс жасайсыздар. Тұрғындардың электр тоғына қатысты немесе шағымдар бойынша не айта аласыз?
Мемлекеттік орган болған соң халықтың жазбаша өтінішіне немесе шағымына заңда белгіленген уақыт аралығында жауап беруге тырысамыз. Апта сайын сәрсенбі күндері Департамент басшысымен, жұма күндері менімен ашық кездесу белгіленген. Сол кезде келіп, барлық сұрақтарға жауап алуға болады. Тұрғындардың мәселесін сол кезде шеше алмасақ, тұрғыннан жазбаша өтініш алып, сол өтініш негізінде Департамент Департаменттің құзыреті аясында қарастырып шара қолданады және арызданушыға/шағымданушыға мәселесі бойынша міндетті түрде жауап беріледі.
Уақыт бөліп, сұхбаттасқаныңызға рахмет Жанәбіл Насырханұлы!