Түркістан: Президент паркіндегі жасанды көлде алғашқы жарыс өтті
Былтыр пайдалануға берілген Президент паркіндегі жасанды көлде ҚР триатлоннан ашық кубогы өтті.
Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан Триатлон федерациясының ұйымдастыруымен өткен жарыс екі күнге созылды.
Президент саябағындағы жасанды көлде триатлонның спринт түрінен 750 м қашықтыққа жүзген спортшылар Б.Саттарханов даңғылымен велосипедпен 20 шқ жүріп өтті. Ары қарай "Отырар" шағын ауданы аумағында 5 шқ жүгіру нормасын орындады.
Атап өтейік, 38 га аумақты алып жатқан Президент паркінде қазіргі таңда түрлі қылқанжапырақты ағаш түрлері отырғызылып, газон төселген.
7 балалар ойнайтын алаңша мен орындықтар, бұталар мен гүлдер егілген.
Саябақ ортасында орналасқан жасанды көлде түрлі су спорты жарыстарын өткізуге болады.